ДК: Спорттық каратэнің Ақмола федерациясы ерекше флешмоб ұйымдастырды. Жекпе-жек өнері секциясының тәрбиеленушілері, сондай-ақ олардың ата-аналары футбол алаңында ауқымды жаттығу жасады. Аталған челлендждің негізгі мақсаты - балалардың төзімділігі мен шыдамдылығын дамыту.
РКС: Аталған флешмоб өңірдің балғын каратэшілерінің арасында жыл сайын игі дәстүрге айналған шара. Ерекше етіп ұйымдастырылған челлендж келе жатқан жылдың санына сәйкес 2023 соққы деп аталады. Қатысушылардың бәрі бірдей сынақтан толық өтуі үшін ерік-жігерін көрсетуі тиіс.
СНХ: РУСЛАН ДҮКЕМБАЕВ, ҚР СПОРТТЫҚ КАРАТЭ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Біз, яғни Қазақстан Республикасы спорттық каратэ федерациясы жыл сайынғы «2 мың соққы» атты флеш-мобты ұйымдастырып отырмыз. Бүгін 100-ден астам спортшы қатысуда, ең кішкентайы бес жаста. Сондай-ақ бұл шараға тәрбиеленушілермен бірге ата-аналар да белсенділік танытып жатыр. Алдағы жылдан да мол үміт күтеміз. Жетістіктерге жете берейік!
РКС: Ата-аналар да балаларын қолдауға келіп, сенсейлер мен тәжірибелі тәрбиеленушілердің барлық жаттығуларын қайталап отырды. Балғын спортшылардың арасында биік белестерді бағындырғандары да бар. Мәселен, Владимир Боровский жақында спорттық каратэден өткен республикалық жарыстарда үздік деп танылды. Бүгін ол да челленджге қатысып, жиналғандар алдында соққылардың техникасын көрсетті.
ИНТЕРШУМ: челлендж
СНХ: АРЛАН БАЛТАБЕКОВ, КАРАТЭШІ: Осы стадионда біз бүгін Жаңа жылды қарсы алып жатырмыз. Бұл шараға барлық оқушы қатысуда. Ауқымды шараны ұйымдастырушыларға алғысым шексіз.
РКС: Спорттық каратэнің Ақмола федерациясы облыстағы бұқаралық спорттың жаппай сипат алуына елеулі үлес қосып келеді. Биыл ашық алаңда ауқымды жаттығулар ұйымдастырылып, республика күніне жүгіруден марафон өткізілді. Жергілікті каратэшілер алдағы жылы да салауатты өмір салтын насихаттауды жалғастыра бермек,-дейді ұйымдастырушылар.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ