ДИКТОР: Бүгін таңғы сағат алтыда Көкшетау қаласының орталығында магистральды құбыр жарылды. Салдарынан бірнеше көше су астында қалып, ондағы көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды. Қазіргі уақытта ақау шыққан жер анықталды. Қаладағы тұрғын үйлер судан ажыратылған жоқ.

РКС: Қазіргі уақытта ақау шыққан жер анықталды. Мамандардың айтуынша төтенше жағдай Ақан сері көшесінің бойындағы 30-ыншы тұрғын үйдің тұсында болған. Апат орнына «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорнының 30-дан астам қызметкері, 12 техника мен 5 мотопомп жұмылдырылды. Оқыс оқиға орын алған жерге облыс әкімі Ермек Маржықпаев келіп, жағдайдың мән-жайымен танысып, нақты тапсырма берді.

СНХ: ЖАННА ӘБДІРАХМАНОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ КЕҢЕСШІСІ: Диаметрі 300 мм болатын су құбыры жарылып, өрт гидранты жұлынған. Қазіргі уақытта «Көкшетау су арнасы» коммуналдық кәсіпорны мен коммуналдық қызметкерлердің күшімен апаттың салдары жойылып жатыр. Облыстық төтенше жағдайлар департаментінің техникалары да жұмылдырылды.

РКС: Қақаған аязда оқиға орнында облыстық төтенше жағдайлар департаменті мен коммуналдық қызметшілер су сору жұмыстарымен айналысып жатыр. Коммуналдық апаттың салдарынан жол сақшылары шамамен таңғы сағат 7-ден қала орталығындағы бірнеше көшені жабуға мәжбүр болған.

СНХ:ЖАНАТ ШӘРІПОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ПОЛИЦИЯ БАСҚАРМАСЫ БАСТЫҒЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Оқыс оқиғаның орын алуына байланысты Ақан сері-Кенесары, Ақан сері-Сағдиев көшелеріндегі көлік қозғалысына шектеу қойылды. Онымен қоса Темірбеков-Назарбаев мен Темірбеков-Әуезов көшелеріндегі учаскелер жабылды.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»