ДК: Инсульт жас талғамайтын сырқаттың бір түрі. Оған шалдыққандардың көбі өз бетінше жүріп-тұра алмай, мүгедек арбасына таңылуға мәжбүр. Тағы бір дерек инсульттан көз жұмғандардың саны бойынша аурудың бұл түрі үшінші орында. Сырқаттың өткір кезінде науқастардың 25-30 проценті қайтыс болады. Облыс бойынша инсультке шалдыққан 800-ден астам адам тіркеуде тұр. Аурудың зардабын жою бағытында да бірқатар шара қолға алынған. Емдеу мен оңалтудың заманауи әдістері де қолданылады. Бүгінгі күні инсульт бөлімшесінде тромболитикалық терапия әдісі кең таралған. Бұл ауыр сырқаттан аман қалған адамның қайта сөйлеп, барлық бұлшық еттерін қимылдатуға мүмкіндік беретін жалғыз әдіс.

РКС: Тромболитикалық терапия инсульттан кейін 4,5 сағат өткеннен кейін қолданылады. Препараттың 10 проценті көктамыр ішіне енгізіледі. Дәрі-дәрмектің қалғаны 1 сағат ішінде капельница арқылы біртіндеп енгізіледі. Бәкен Ысқақова бұл орталыққа осыдан бір апта бұрын түскен.

СНХ: БӘКЕН ЫСҚАҚОВА, ЕМ ҚАБЫЛДАУШЫ

РКС: Инсульт орталығы 2012 жылдан бері жұмыс істеп тұр. Еліміз бойынша ашылған алғашқы бейінді бөлімше. Арнайы жабдықтармен толық жарақтандырылған, физиокабинет жұмыс істейді. Бөлімшеде көмек көрсетудің жиынтық түріндегі әдіс қолданылады. Ол дегеніміз бір мезетте невролог, нейрохирург, анестезиолог, ультрадыбысты және компьютерлік диагностика дәрігері бірлесе отырып, сырқатты қабылдайды. Сырқаттың өткір кезеңіндегі 20 күнге дейінгі ем-дом аяқталғаннан кейін емделушілер неврология бөлімшесінің сауықтыру бөлігіне ауыстырылады. Бұл жерде сырқаттармен врач-психолог, логопед және өзге де мамандар сауықтыру шараларын жүргізеді.

СНХ: ШАЛҚАР ҚАПАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ АУРУХАНАСЫНЫҢ БӨЛІМШЕ МЕҢГЕРУШІСІ: Инсульт орталығы-жедел бөлімше болып саналады. Мидағы қан айналымы бұзылған жағдайда жедел әрекет етіп, көмек көрсетеді. Бөлімше 20 орынға шақталған. Оның төртеуі нейро сауықтыру палатсы. Жыл сайын 800-900 сырқат сауығып шығады. Егер сырқатта инсульт анықталған жағдайда, яғни тапшылық сезілсек, бірден ауруханаға жатқызылады. Бұл жерде алғашқы көмек көрсетіледі. Инсульттің өзі үшке бөлінеді.

РКС: Өкінішке орай, инсульт өзге сырқаттарға қарағанда аса ауыр. Бірінші орынға шығып отыр. Көп ретте адам мүгедек болып қалады. Миға қан құйылған жағдайда сырқатты нейрохирург тексеріп болған соң бейінді көмек көрсетіледі. Аурудың бастапқы кезеңінен бастап сауықтыру шараларын жүргізген аса маңызды. Сырқаттың алғашқы үшінші, бесінші күнінде арнайы жабдықталған емдік дене шынықтыру залында түрлі жаттығулар жасалады. Емдік шаралар тәжірибелі нұсқаушының бақылауында замауани тренажерларды қолдану арқылы жүргізіледі.

АИДА ХАМИТОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АПҚАРАТ