ДИКТОР:«Ласковый май» тобы мен оның солисі Юрий Шатунов посткеңестік кезеңдегі ең танымал әртістердің бірі болды. Өңірде хит әншіге арналған жергілікті музыканттардың бірнеше еске алу кеші ұйымдастырылған еді. Қазақстан бойынша гастрольдік тур аясында өткен концертке аңызға айналған әртістік жүздеген жанкүйер көзайым болып қайтты.
РКС:80-ші жылдардағы сауық кештерінің басты хитмейкері Юрий Шатунов осыдан алты ай бұрын дүниеден озды. Оның әндері тыңдармандардың бірнеше буынына танымал. «Достар» мәдениет сарайында өткен «Время перемен» концертіне сазгердің шығармашылығын жақсы көретін тыңдарман жиналды.
СНХ: ЮЛИЯ ЭДЕЛЬХАНОВА, «ВЕТЕР ПЕРЕМЕН» КОНЦЕРТІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ: Бұл біздің 7-ші концертіміз.Юрий Шатунов өмірден озғаннан кейін оның есімін және «Ласковый май» тобының барлық әндерінің авторы Сергей Кузнецовты еске алуға арналған «Ветер перемен»атты қозғалыс ұйымдастырдық. Қазақстанның барлық қаласына тур,а шығып отырмыз, ол осы Көкшетау қаласынан бастау алды.
РКС: Концерттің алдында түрлі кәдесый, дискілер мен басқа да заттар қойылған шағын көрме ұйымдастырылды. Сонымен қатар Сонымен қатар кешке келгендер Юрий Шатунов пен Сергей Кузнецовқа арналып жасалған арнайы бұрышқа гүл шоқтарын қоюға мүмкіндік алды. Музыкалық шараның жүргізушісі әр әнді хабарлар алдында әртістің шығармашылығына аз-кем саяхат жасап, әйгілі шлягерлердің дүниеге келуі туралы баяндап отырды.
СНХ: ӘСЕМ ГОРДИЕНКО, КЕШТІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: Концерттік бағдарлама екі сағатқа созылдған, 30-дан астам ән шырқалады.Орындаушылар еліміздің әр түкпірінен жиналған. Жергілікті өнерпаздар да өз үлесін қосып жатыр.
РКС: Қазақстан бойынша ұйымдастырылған гастрольдік турдың бәрінде концерттің шымылдығы Юрий Шатуновтың орындауындағы әйгілі «Белые розы» әнімен ашылды. Көрерменнің қошеметінде шек жоқ.
ИНТЕРШУМ: концерттік номер
РКС: Концертке қатысушылардың көпшілігі Шатуновтың әндерімен ержетті. Ал кейбірі тіпті шығармашылық байланыста қоян-қолтық еңбек еткен. Саксофоншы Дмитрий Петюль өнер иесінің бірнеше әнінің көрерменге жол тартуына үлес қосқанын айтады. Шығармашылық кеште саксофоншы көрерменге танымал болып кеткен әндерден үзінділер орындап, халықтың ықыласына бөленді.
ИНТЕРШУМ: саксофон
СНХ: ДМИТРИЙ ПЕТЮЛЬ — МУЗЫКАНТ: Концертке қатысушылардың бірі ретінде айтар болсам, мені оның әндері ғана байланыстырмайды. Тікелей онымен тығыз шығармашылық байланысты еңбек еттім. Көзбе-көз көріп, араластым десем де болады. Сондықтан, өзімнің кішігірім үлесімді қосып, әртістің аруағына тағзым еткім келді.
РКС: Гастрольден түскен барлық қаржы Қарағандыда салынатын «Белые розы» саябағының құрылысына жұмсалмақ. Ал болашақта Юрий Шатунов пен Сергей Кузнецовқа арналып ескерткіш орнатылады,-дейді ұйымдастырушылар.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ