ДК: Ақмола өңірі мүмкіндігі шектеулі жандарды оңалту құралдарымен қамтамасыз ету және қызмет көрсету жағынан республика бойынша алдыңғы орында. Әлеуметтік инфрақұрылымның 230 нысаны мүмкіндігі шектеулі жандарға бейімделген. Бұл туралы брифинг барысында облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасы жетекшісінің орынбасары Алтын Ақбарова мәлімдеді.
РКС: Ақмола облысында 10 арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы жұмыс істейді. Мұндай мекемелерге қарттар үйлері, сондай-ақ ересектер мен балаларға арналған нейропсихиатриялық диспансерлер кіреді. Қазіргі уақытта бұл мекемелерде 1358 адам емделіп жатыр. Бұдан басқа, мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты әлеуметтік қызметтің түр-түрі ұсынылады. Мүмкіндіктер де зор. Өңірде паралимпиадалық спорт түрлері айтарлықтай дамыған, ақмолалықтар бірнеше рет республикалық жарыстардың жүлдегерлері атанды.
АЛТЫН АҚБАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Биыл «Жолымбет» қызмет түрі алушылар Өскемен, Павлодар, Қарағанды және Шымкент қалаларында жеңіл атлетика, пауэрлифтинг, шағын футбол және боулинг ойындары бойынша республикалық турнирлердің жүлдегерлері атанды. 2023 жылы Берлинде пауэрлифтингтен өтетін Дүниежүзілік жазғы Олимпиада ойындарына қатысу жоспарланып отыр.
РКС: Былтыр 7 мен 18 жас аралығындағы балалардың мүгедектік дәрежесіне саралау жүргізуге қатысты заң күшіне енді. Бұрын мүгедектігі бар барлық бала жәрдемақы мен сауықтыру қызметінің түрлерін бірдей алып келген. Биыл 1-ші және 2-ші топтағы жасөспірімдерге еңбекке жарамсыздығына байланысты төленетін әлеуметтік жәрдемақылар 37 процентке өсірді. Сондай-ақ медициналық-санитарлық сараптама рәсімдері де жаңғыртылуда.
СНХ: НҰРЛАН ШЕРИЯЗДАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЕҢБЕК ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Аталған процедураны өткізудің сырттай форматына ауыстыру жаңғыртуға жатады. Мүмкіндігі шектеулі жандар мекеменің табалдырығын тоздырып, әр құжатты бір жинап жүруге мәжбүр еді. Одан соң мүгедектік тобын анықтау мақсатында медициналық-әлеуметтік сараптама жасататын. Әзірге бұл жобаға сырқаттың 12 түрі енгізіліп отыр. Дәрігерлер емделушілерді сырттай режимде тексеріске онлайн түрде жібере алады.
РКС: Аталған жоба бойынша Ақмола облысында ерекше қажеттіліктері бар тұлғалар 2,5 мыңнан астам медициналық куәландырудан өтті. Бұл дегеніміз мүгедектігін растауға ниет білдірген барлық адамның 24,5 проценті. Болашақта сырттай форматқа жататын сырқаттардың санын ұлғайту жоспарланып отыр.Бұл шаралар аталған салада сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға және ашықтықты арттыруға мүмкіндік береді,-дейді сала сарапшылары.
ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЁВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ