ДК: Бурабай ауданында баспанамен қамтамасыз ету мәселесі өзекті. Осы мақсатта құрылыс саласына тартылған инвестиция көлемі 45 млрд. теңге. Бұл қаражат көлемінде биыл 18 мыңға жуық шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Сондай-ақ, “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында 4 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы басталады.
РКС: Биыл “Нұрлы жер” бағдарламасы аясында Щучинскідегі «Заречный» шағын ауданында су құбыры желілерінің құрылысы жүргізілді. Сондай-ақ, инженерлік-коммуникациялық желілерді тарту және бес қабатты тұрғын үйді абаттандыру жұмыстары қолға алынды. Бұдан бөлек, жергілікті тұрғындарды жылумен қамтамассыз етуге облыстық бюджеттен 113,4 млн. теңге бөлінген.
СНХ: ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Оқжетпес ауылында құны 205,8 млн теңге болатын қуаттылығы 14 Мегаватт әмбебап блокты-модульдік қазандық орнату жоспарда. Сондай-ақ, аудан қаражаты есебінен «Ремзавод», «Горный» шағын аудандарына 3 жылу желілерін, бес қабатты тұрғын үй және Щипт көшесі бойындағы шағын құрылыс жобасы дайын. Ал Заречный ықшам ауданына өтетін жылу желілерін салу жобасы әзірленуде.
РКС: Ауданда Щучинск-Бурабай курортты аймағын дамыту басым бағыттардың бірі. Осы кезекте Щучинск қаласында 4 жоба жүзеге асырылуда. Бұл нөсерлі мен кварталішілік кәріз желілері және магистральдық су құбыры желілерінің құрылысы. Сондай-ақ, ең ірі демалыс орнында өзекті мәселенің бірі- қоқыс полигонының жоқтығы. Тұрмыстық қатты қалдықтарға арналған рұқсат етілген полигонның болмауы халық наразылығын тудырады. Соның кесірінен қоқыс үйінділері пайда болып жатыр. Щучинск қаласынан екі шақырым жерде рұқсат етілген полигон орналасқан. Алайда, ол жерге төгілетін қоқыс қалдықтары сыймай, қоршаудың арғы бетіне жетті. Аудан әкімі Әсет Азаматұлы мәселенің біртіндеп шешілетінін жеткізді. Сонымен қатар, құрлыс барысы келер жылы қолға алынатынын айтты. Бұдан бөлек, жол мәселесі де қаралды.
СНХ: ӘСЕТ МҰЗДЫБАЕВ, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: В рамках развития транспортно-логистической инфраструктуры реализуются 5 проектов на 1,8 млрд.тенге. Это капитальный ремонт дороги «Бурабай – Катарколь». Реконструкция дорожной сети п.Бурабай ул. 1-я линия, так же улиц Джамбула, Казахстанская и Интернациональная. Строительство автодороги вокруг озера Текеколь до дороги "Северный обход озера Чебачье". Так же капитальный ремонт дороги Щучинск – Николаевка. ///Көлік-логистикалық инфрақұрылымды дамыту аясында 1,8 млрд.теңгенің 5 жобасы жүзеге аспақ. Олар Бурабай-Қатаркөл жолының күрделі жөндеуі, Бурабай ауылындағы Первая линия және Жамбыл, Қазақстан және Интернациональная көше жолдарына қайта жөндеу жұмыстарын жүргізу. Сондай-ақ, Текекөл көлінің айналасында «Чебачье көлінің солтүстік айналма жолы» жолына дейін жол салу мен Щучье-Николаевка жолын күрделі жөндеу жұмыстары.
РКС: Сондай-ақ, биыл жеті ауылда спорттық алаңы салынды. Онымен қоса, 400 орындық Мәдениет үйінің құрылысына жобалық-сметалық құжаттар дайындалды. Дәл осындай құжат Златополье, Қатаркөл және Кенесары елді мекеніндегі мәдениет үйне әзірленіп жатыр.
АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ