ДК: Астрахан ауданындағы жол құрылысы қарқынды. Соңғы 3 жылда аудан бойынша 51 шақырым жол жөнделіпті. Оған қазынадан 608 млн.теңге бөлінген. Басты екпін шалғайдағы ауылдың күре жолдарына түсірілген. Ал, осы жылы аудандағы жол құрылысына 362 млн.теңге қарастырылпты. Бұл қаржыға қандай ауылдардың жолдары жөнделді? Бұл сұраққа арнайы өткен брифинг барысында аудан әкімі Нұрлан Сейілов мәлімдеді.

РКС: Жалтыр, ескі Колутон, Новочеркасское және Колутон. Биыл осы 4 ауылдың жолы орташа жөндеуден өтті. Ал, кей елдімекенде басталған құрылыс аяқсыз қалған. Аудан әкімі бұл олқылыққа мердігерлерді кінәлап отыр.

СНХ: НҰРЛАН СЕЙІЛОВ, АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Жауапсыз мердігерлердің салдарынан Петровка және Колутон ауылындағы құрылыс аяқталмай, келесі жылға ауыстырылды. Жаңа тұрмыс ауылына кірме жолды, Жалтыр, Жаңа Колутон, Каменка және Зеленое ауылдарындағы жолдарды жаңарту үшін жобалық сметалық құэжаттар әзірледік. Бюджеттік өтінімдер облыстық басқармаға жолданды. Сонымен қатар, Астраханка ауылындағы Мир және жаңа Колутон ауылындағы Достық көшесіне жарық тартуды жоспарлап отырмыз. Келесі жылы қаржы бөлінсе, жұмысты бастаймыз.

РКС: Аудан экономикасы жыл санап нығайып келеді. Осы жылы өңірге тартылған инвестиция көлемі 13,6 млрд.теңге. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,4 млрд.теңге артық. Сондай-ақ, мемлекеттік грант аясында өз кәсібін ашып, ісін дөңгелеткен кәсіпкерлер қатары көбейген.

СНХ: НҰРЛАН СЕЙІЛОВ, АСТРАХАН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ:  Ауданда 1159 шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Оның ішінде 729 жеке кәсіпкер және 266 шаруа қожалығы бар. Жалпы есепте 4 мыңнан астам адам жұмыс істейді. Осы жылы бизнес субъектілері 4,9 млрд. теңгенің өнімін өндірді.

РКС: Осы жылы ауданда 400 басқа шақталған 4 ет фермасы ашылды. Осы уақытқа дейін аудан бойынша 2,7 мың тонна ет, 17,9 мың тонна сүт, 6,4 млн. дана тауық жұмыртқасы өндірілді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»