ДИКТОР: Жыл соңына дейін елорданың іргесінде орналасқан Жібек жолы ауылындағы жаңа мектептің құрылысы аяқталады. Бұл туралы Аршалы ауданына жұмыс сапарымен барған облыс әкімі Ермек Маржықпаев мәлімдеді. Сондай-ақ, өңір басшысы аймақтағы бірнеше әлеуметтік нысанның жұмысымен танысып, бірқатар тапсырманың орындалуын бақылауға алды.

РКС: Жібек жолы ауылындағы халық саны жылдан-жылға өсіп келеді. Елдімекен елордаға жақын орналасқандықтан, оған қоныс аударушылар саны көп. Қазіргі уақытта ауылдағы 2 мектеп оқушыларға таршылық етіп отыр. Сондықтан бүгінде 300 орынға шақталған жаңа мектеп салынып жатыр. Оған бюджеттен 1,7 миллиард теңге бөлінген. Оның аумағы 2 мың 700 шаршы метр. Білім ордасының құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталыпты.

СНХ:АСЛАН НАБИЕВ, ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Мектептің сыртын толығымен бітірдік деп айтуға болады. Кішкене жұмыстар ғана қалды. Енді барлығын қоршаймыз. Сосын кафель қою керек. Мұнда ойын, баскетбол алаңы бар. Барлығын істедік.

ИНТЕРШУМ:

- Ну , у нас открытие школы конец декабря. Начало января. Получится сделать?

- Да, получится. Мы две смены будем работать.

РКС: Мектептің құрылысы аяқталуға жақын. Білім ордасы екі айдан кейін пайдалануға берілуі тиіс. Дегенмен жобаға жарты жыл бойы түзетулер енгізіліп, жұмыс тоқтап қалған. Салдарынан оқу орнының ішкі жөндеу жұмыстары әлі де ақсап тұр.

CНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Мынау жөндеу жұмыстарының біткен түрі ме? Бұлай болмайды. Әлі көп нәрсе істеу керек. Мынандай жолақтар болмауы тиіс. Мына тігістерді дұрыстау қажет.

ТАҚЫРЫБЫ: КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АЙМАҚТА ПОЛИЦИЯ ТІРЕК ПУНКТІ АШЫЛМАҚ

РКС: Жібек жолы ауылындағы сауда орталығының құрылысы осыдан екі жыл бұрын басталған. Нысан келесі жылы пайдалануға берілмек. Жоба құны 360 миллион теңге. Көпқабатты сауда, ойын-сауық орталығының аумағы 2 мың 600 шаршы метр. Онда түрлі супермаркет, дәмхана мен мейрамхана орналасады. Сондай-ақ, мекемеде полиция тірек пункті ашылмақ.

СНХ: БЕРІК ЖОЛДАСБЕКОВ, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Полиция тірек пунктіне 200 шаршы метр аумақты тегін береміз. Ол астыңғы қабатта орналасады. +скл+ Мұны біз ауыл тұрғындарына арнап жасап жатырмыз. Өзім осында туып-өстім, ата-анам да осында тұрады.

CНХ:ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл мәселе аса өзекті. Ауыл тұрғындарына полиция бөлімі қажет. Сондықтан осындай мекемеден орын беріп, халықтың қамын ойлап жатқандарыңызға рахмет.

ТАҚЫРЫБЫ: ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢЫ ПАЙДАЛАНУҒА БЕРІЛЕДІ

РКС: Биыл аймақта жаңа ойын алаңы ашылады. Осыған дейін ойнайтын орын таба алмай, үйлерінде отыратын балалар енді бос уақыттарын осы аумақта өткізбек. Оның құрылысына бюджеттен 17 миллион теңгеден астам қаржы бөлінді. Алаң арнайы жабдықтармен толықтай қамтамасыз етілген.

ИНТЕРШУМ:

- Население как реагирует?

- Положительно

- Что то все пустует

- Дети здесь постоянно, просто сегодня немного холодно

ТАҚЫРЫБЫ: БІЛІМ ОРДАСЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ КӨҢІЛ КӨНШІТПЕЙДІ

РКС: Ал Жалтыркөл ауылындағы білім ордасының жағдайы алаңдатарлық. Мектеп кішкентай. 10-12 оқушыға шақталған сыныптарда 25 бала оқиды. Үш ауысым мәселесі де бар. Елдімекенде жаңа мектептің құрылысы басталған. Бірақ, ол келер жылы ғана пайдалануға беріледі деген болжам бар. .

ИНТЕРШУМ:

- Неплохо. Работа идет.Қанша адам жұмыс істеп жатыр?

- 22 адам

- Материал бәрі бар ма?

- Иә, бәрі бар

РКС: Сондай-ақ, облыс әкімі Ермек Маржықпаев жұмыс сапары барысында аймақтағы қосалқы станцияның жұмысымен танысты.

ИНТЕРШУМ:

- Напряжения қандай?

- 10 мың вольт мұндай кіреді және 10 мың вольт ауылдың ішіне шығады.

- 8 жарым киллометрде жүреді, соларға таратып, содан үйлерге жіберіледі

РКС: Осыдан 5 күн бұрын Аршалы кентінде мектеп қазандығы жарылып, білім ордасы жылусыз қалды. Бұл мәселені шешу мақсатында тез арада дәнекерлеушілер жұмылдырылып, екі күннің ішінде мектеп орталық жылу қазандығына қосылды.

СНХ: МҰРАТ БАЛПАН, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Мұндағы қуат жетіспегеннен кейін тағы екі қазандықты қостық. Бүгінде ол ауылдағы бірнеше ғимарат пен мектепке жылу беріп тұр. Температура тұрақты. 20-25 градус.

РКС: Қазандығы жарылған мектепте 400-ге жуық бала оқиды. Оқушылар мен мұғалімдер арасында зардап шеккендер жоқ. Балалар бірнеше күн қашықтан оқыды. Ал мектепке жылу берілгеннен кейін қайтадан білім ордасына оралды.

- Мектеп енді жылы ма?

- Иә, өте жылы. Жеңіл киініп жүрміз. Бұрын былай болмаған. Бұрын 18-19 градус болатын. Қазір 25. Тіпті, терезелерді де ашып жатырмыз.

РКС: Жарылыстан зардап шеккен үш адамның біреуі қайтыс болды. Қалған екеуі ауруханада ем алып жатыр. Олардың жағдайы бірқалыпты, өміріне еш қауіп жоқ,-дейді Аршалы аудандық ауруханасының бас дәрігері.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»