ДК: Аймақтағы сайлау учаскелерінде дауыс беру аяқталды. Бюллетенді санау жұмыстары жүріп жатыр. Әріптесім Абзал Азаматұлы шаһардағы сайлау учаскелерінің бірінде болып, ең ірі саяси доданың сыңдарлы сәтіне куә болды.

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ:  Сағат тілі 20:00-ден асты. Яғни аймақтағы барлық сайлау учаскелері өз жұмыстарын тоқтатып, бюллетендерді санауға кірісті. Біз қазір №8 сайлау учаскесінде тұрмыз. Бұл жерге жалпы 1517 адам тіркелген. Соның 1145 дауыс берген. Бұл жалпы көрсеткіштің 80 процентін құрайды. Ал, сайлау әділ өтті ме деген сауалға қазір жанымда тұрған осы сайлау учаскесінің байқаушысы Әлия Базарбаева жауап береді. Әлия ханым жалпы сайлау қалай өтті? Заң талаптарын бұзушылықтар анықталды ма?

СНХ: ӘЛИЯ БАЗАРБАЕВА, №8 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ БАЙҚАУШЫСЫ:  Сайлау әділ өтті. Ешқандай заң бұзушылықтар болған жоқ.Наразылық туған жоқ. Бәрі жақсы өтті деп ойламын. +скл+Бүгінгі №8 сайлау учаскесінде таңертеннен түске дейін 3 байқаушы, түстен кейін 3 байқаушы отырдық.

РКС: Таңғы сағат 7-де жұмысын бастаған сайлау учаскесі кешке 8-ге дейін тоқтаусыз қызмет етті. Соңғы сайлаушыны шығарып салғаннан кейін ғана, дауыс беру жәшігі ашылды.

СНХ: САНДУҒАШ НҰРҚАНОВА, №8 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Ең соңғы сайлаушы сағат кешкі 7-ден 56 кеткенде келіп, өз дауысын берді. Халық көп келді. Барлығы жақсы өтті. +скл+Бұл сайлаудан күтетініміз еліміз тыныш, болашағымыз жарқын болсын.

РКС: Ал, республика бойынша кешкі 8-дегі жағдайға сәйкес халықтың 8 млн. 282 мың 607 адам өз таңдауын жасаған. Бұл жалпы көрсеткіштің 69 процентін құрап отыр.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»