ДК: Сайлау науқанына Степногорск қаласының жұртшылығы белсенді қатысты. Дауыс беру тоқтатылды. Шаһар бойынша 46368 сайлаушы тіркелген. Оның ішінде 80-нен асқан 105 адам сайлауға қатысты. Сондай-ақ, белсенділік танытқандардың қатарында жастар да бар. 271 азамат алғаш рет дауыс берді.

РКС: Бүгін шаһар тұрғындары еліміз үшін маңызды науқанға қатысты. Степногорск қаласы бойынша 35 сайлау учаскесі бар. Соның ішінде ең көп сайлаушы тіркелген 62-ші сайлау учаскесі. Степногорск қаласында тіркелген сайлау учаскелерінде 100-ден астам байқаушы дауыс беру барысының заңдылығын қадағалады. Саяси науқан кезінде еш олқылық немесе заң бұзушылық тіркелмегенін айтады.

СНХ: АНАР ҚОРЖҰМБАЕВА, БАЙҚАУШЫ: Бүгінгі сайлау барысы қарқынды өтіп жатыр. Сайлау учаскесінде үш кабинка бар. Сондай-ақ, ақпараттық стендтер орналастырылған. Екінші шағын аудан тұрғындары белсенді дауыс беруде.

РКС: Бүкіл ел үшін маңызды науқанға жасы 18-ге толған, тұрғылықты жері бойынша тіркелген азамат конституциялық құқығы аясында таңдау жасап, дауыс берді.

СНХ: ТЕМІРЛАН ТЕМІРТАС, БЕСТӨБЕ КЕНТІНІҢ ТҰРҒЫНЫ: Бүгінгі күні Қазақстан Республикасының Президент сайлауына алғаш рет, 88 учаскеде өз таңдауымды жасауға келдім. Сондай-ақ, өзіммен қатарлас азаматтарды дауыс беруге шақырамын.

РКС: Сайлауда әр адамның дауысы маңызды. Степногорск қаласының тұрғыны Гүләйім Саипова осындай пікірде.

СНХ: ГҮЛӘЙІМ САИПОВА, СТЕПНОГОРСК ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Міне бүгін мен өз азаматтық борышымды орындап, сайлауға келдім.

РКС: Сайлау кезінде әр учаскеде шағын көрме ұйымдастырылып, жергілікті өнерпаздар ән мен жырдан шашу шашты.

АИДА ХАМИТОВА, ҰЛБОЛСЫН МОЛДАХМЕТОВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ