ДК:Жарқайың ауданының тұрғындары да белсенділік танытты. Аймақта 24 сайлау учаскесі жұмыс істеді. Аудан сайлаушыларының саны 10 мыңнан асады.
РКС: Дауыс беру аяқталды. Жарқайың ауданының тұрғындары өздерінің азаматтық борышын белсенді атқарды. Сайлаушылардың 90% проценті өз дауысын берді.
СНХ:НҰРГҮЛ ЫСҚАҚОВА №485 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бүгін президенттік сайлауға тұрғындар белсенді қатысты. Олардың көңіл-күйі жақсы. Дауыс беру заңға сәйкес өтті.
РКС: Қазіргі уақытта барлық сайлау учаскелерінде дауыстарды санау жүріп жатыр. Айта кету керек, Президенттікке барлық кандидаттар өздерінің сайлау учаскелерінде де дауыс берді. Мәдениет және спорт өкілдері де белсенділік танытты.
СНХ: ҰЛБОЛСЫН АХМЕТОВА, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАЙЫМЫ: Еліміздің болашағы үшін, балаларымыздың, өскелең ұрпағымыздың болашағы үшін таңдау жасадық. Бүгін бізге тұрақтылық пен бейбітшілік қажет. Сонда ғана алға қойылған мақсаттарға қол жеткіземіз. Ең бастысы, балаларымыздың болашағы бақытты болуы үшін, халқымыздың әл-ауқаты өсуі үшін бұл үшін бейбітшілік қажет.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ