ДК: Жақсылық тұрғындарда саяси науқанан шет қалмады. Олар өз таңдауын жасап, азаматтық көзқарасын білдірді. Жалпы аудан бойынша 25 сайлау учаскесі жұмылдырылған. Онда 133 комиссия мүшесі халыққа кызмет көрсетті.

ЕСТ.ШУМ: ДАУЫС БЕРУ СӘТІ:

СНХ: ОЛЕСЯ ГАФАРОВА, ЖАҚСЫ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен өз дауысымды бердім. Дұрыс шешім қабылдадым деп ойламын. Себебі менің және елдің таңдауы ертеңгі күніміз үшін, болашақ үшін өте маңызды. Мен баршаңызға бейбітшілік пен тұрақтылық тілеймін.

РКС: Жалпы жыл санап ауданда саяси науқанға қызығушылық танытып, дауыс беретіндер саны артты. Олардың қатарында жастардың үлесі басым болды,-дейді аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы.

СНХ: РЕНАТА ТІЛЕПОВА, ЖАҚСЫ АУДАНДЫҚ АУМАҚТЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Жалпы аудан бойынша 11 244 адам тіркелген. Барлық сайлау учаскелері өз жұмысын уақытында бастап, аяқтады. Ешқандай арыз-шағым түскен жоқ.

РКС: Жалпы жақсылық тұрғындар осындай саяси шараға қашан да белсене қатысады. Себебі олар әр сайлаудан зор үміт күтеді. Сондықтан саяси доданың белгілі бір нәтижесін көруден үмітті.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ӘСЕЛ ЖАҢАБЕРГЕНОВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»