ДК: Жергілікті БАҚ өкілдері мен облыстық телеарна қызметкерлері де саяси науқанда белсенділік танытты. Олар халыққа тыңғылықты ақпарат жеткізіп қана қоймай, өздері де дауыс беріп, азаматтық парыздарын орындады. Мәселен, әріптесіміз Абзал Азаматұлы шаһардағы №43 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.
STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ: Жалпы сайлау демалыс күндері ұйымдастырылса да журналистер қауымы дауыс бере бермейді. Себебі дәл осы күні тілшілер қосынының жұмысы еселене түседі. Десе де мен арнайы уақыт тауып, дауыс беруге келдім. Жалғыз емес, анамды бірге ала келдім.
РКС: №43 сайлау учаскесіндегі халық қарасы қалың. Себебі қаланың қақ ортасындағы тұрғындар көп шоғырланған шағын аудандардың барлығы осында қарайды.
СНХ: СӘУЛЕ ӨМІРБАЕВА, №43 УЧАСКЕЛІК САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Бізде белгіленген тәртіпке сай 9 комиссия мүшесі бар. Оның 7-і тұрғындардың тізіміне жауапты Халықтың көптігіне байланысты осылай кезекте тұруға мәжбүр. Қолдары босай қалған комисси мүшелері бір-бірлеріне жәрдемдесіп жатыр.
РКС: Жалпы бұл учаскеге 2873 адам тіркелген. Солардың қатарында біздің есіміміз бар. Кезек келісімен тіркеуден өтіп, өз таңдауымызды жасадық.
Ест.шум: қол қою және кіру сәті:
STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ: Иә, құрметті телекөрермен көріп тұрғандарыңыздай, мен де өз таңдауымды жасадым. Айталық, сіз бен біздің дауысымыз елдің жарқын болашағы үшін маңызды қадам.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»