ДК: Биыл қазақстандықтар мемлекет басшысын жетінші мәрте сайлайды. Айталық, бұрындары өткен 6 сайлаудың бесеуі осындай форматта ұйымдастырылған. Ел егемендігін алғанға дейінгі қалыптасқан дәстүр бойынша бүгін де Президент сайлауы кезектен тыс өтеді. Енді тарих тізбегіне көз жүгіртейік.
РКС: 1991 жыл. Қазақ елі тәуелсіздігін алып, ең алғашқы патшасын сайлады. Сайлауға жалғыз үміткер тіркелді. Ол тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев.
РКС: Назарбаевтың өкілеттілігі 1995 жылы референдум кезінде ұзартылып, төрт жылдан кейін тағы да кезектен тыс сайлау өтті. Осылайша Нұрсұлтан Әбішұлы 2005, 2011 және 2015 жылдары Президент болып қайта сайланды. Ал, 2019 жылы тұңғыш Президент өз еркімен өкілеттілігін тоқтатты. Жаңадан өткен кезектен тыс сайлаудың қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет басшысы болып сайланды. Осылайша, қазақстандықтар 6 мәрте өз азаматтық таңдауын жасады. Әр сайлаудың өзіндік мәні мен мағынасы зор,- дейді жергілікті тарихшылар.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: 90 жылдардағы сайлаудың өзінің ерекшеліктері болды. Ол Қазақстанның тәуелсіздік таңында болды ғой. Бұл ретте, скептиктер, халықаралық шолушылардың күдігі басым болды. Президент сайлағанмен көп жылдар бойы Кеңес Одағының құрамында болдық, экономикамыз болсын, саясат болсын, әлеуметтік жағдайдың бәрі тәуелді болды. Сайланған Президент осы тапсырмаларды орындай ала ам? Дербестігін сақтап қала ма? деген сауалдар болды. Міне біз осындай жағдайда сайлау өткіздік. Одан кейінгі сайлаулар біздің республиканың дұрыс бағыт алғанын көрсетті. Сондықтан келесі 2000 жылғы сайлауларда біз Президенттің өкілеттілігін ұзарту арқылы ішкі және сыртқы саясатты бекіте түстік. Биылғы сайлау үлкен өзгеріс алдында өтіп жатқанын атап өтер едім.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»