ДИКТОР: Атбасар ауданына барар жолда өңір басшысы Ермек Маржықпаев жұмыс сапарымен Зеренді ауданының Айдабол ауылына барды. Әкім жергілікті спирт зауытында, сондай-ақ жөндеуден өткен мәдениет үйінде болып, халықпен есептік кездесу өткізді.

РКС: Облыс әкімі аймақ бойынша жұмыс сапарын Зеренді ауданынан бастады. Бір ғасырдан астам тарихы бар Айдабол спирт зауыты жабылу алдында тұрды, бірақ қоғамдық резонанс пен мемлекет көмегінің арқасында кәсіпорын өз есігін қайта ашты. Қазіргі уақытта зауыт Айдабол ауылы халқының 20% - дан астамын жұмыспен қамтамасыз етеді. Қазан айының жартысында ғана өндіріс өнімі 12 мың декалитрге жетті.


ИНТЕРШУМ: әкім зауытта


РКС: Жұмысшы құрамын ұлғайту бойынша шаралар қолданылды. Басшылықтың айтуынша, спирт зауытының жұмысшыларына жалақы 2 есеге ұлғайтылды, сондай-ақ оларға малды азықтандыру үшін жеңілдетілген қайта өңдеу өнімдері ұсынылады.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Бүгін әлеуметтік қолдау көрсетіліп басталғандай, халық басқаша қабылдап жатыр. Бұл көпке жұмыс ұсынған кәсіпорын, 200 адам жұмыс істейді. Сіздің тарапыңыздан зауыт, біздің тарапымыздан - жолдар, мәдениет үйі. Менің ойымша, жақын арада тәртіп орнатамыз. Ауыл гүлдене бастайды!


РКС:Зауытты тексеру жұмыстарынан кейін жергілікті мәдениет үйінде есептік кездесу өтті. Ермек Маржықпаев ауданның инвестиция, ауыл шаруашылығы және құрылыс саласындағы оң өзгерістерін атап өтті. Сондай ақ өңірдегі жолдар тақырыбын да көтерді.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, ОБЛЫС ӘКІМІ: Зерендінің жолдарымен жақсы жүріп келеміз, сезіп отырмыз. Тек аудан орталықтарында ғана емес, ауылдарымызда да үлкен жұмыс жүргізілді. Мысалы, 2016 жылы мемлекет 3,8 млрд теңге бөлді, біз 160 шақырым жол салдық, ал 2021 жылы 790 шақырымға 38 млрд теңге бөлінді - өсім 10 есе. Биыл өткен жылдың деңгейіне қарай біз 22 млрд теңгеге өсіп, 1000 шақырымға жуық жол жасадық.

РКС: Есептік кездесуден кейін өңір басшысы азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдап, бірқатар түйткілді тақырыптың түйінін тарқатты.


ИНТЕРШУМ: халықмен кездесу


СНХ: ҰЛЖАН ДАНЫШЕВА, АЙДАБОЛ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ:  Астанадағы Бас прокуратураға, Жоғарғы Сотқа, Президент Әкімшілігіне жүгіндік, бірақ бірінші кезекте, әрине, ең төменінен бастадық. Жергілікті әкімдіктерге, облысқа, Антикорға, жер комитетіне жүгіндік. Бізде жауапкершілігі шетеулі серіктестігі құрамынан шығу туралы жер мәселесі болды, мәселе оң шешімін тапты. 31-қазанда жалпы жиналыс болып, бізді құрамнан шығарды. Бұл мәселені шешуге көп адам атсалысты. Бәріне көп рақмет!


ӘНЕЛ РАҚЫМЖАН, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ