ДИКТОР: Облыс әкімі Ермек Маржықпаев Жарқайың ауданының 9 айдағы атқарылған жұмысына баға беріп, кейін азаматтарды жеке мәселелерімен қабылдады.
РКС: Жарқайың ауданы жер көлемі бойынша облыста екінші орында. 1997 жылға дейін бұл аудан Торғай облысының құрамына кірді. Алайда, 25 жыл ішінде Ақмола өңірінің құрамында аудан өзінің жағдайы едәуір нашарлаған. Бұған себеп, жол сапасының нашарлығы, білім сапасының төмен деңгейі мен тағы басқалары. Сондай-ақ, басқа аймақтарға адамдардың қоныс аударуы да өз кедергісін келтірді. Тәуелсіздіктің 30 жылында Жарқайың халқы үш еседен аса қысқарды. Алайда, барлық проблемаларға қарамастан, Ермек Маржықпаев ауыл шаруашылығы деңгейіне жоғары баға берді.
СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Орта есеппен біз бір гектардан 11,8 тонна астық жинадық, ал Жарқайың бидайы өңірде үлкен рөл атқарады, өйткені бұл біздің облыстың дәнді дақылдармен айналысатын ең үлкен аймақ. бірақ биылғы жылы дәнді дақылдар өндірісі ауданда күшті дей алмаймыз. Сандықтау ауданының диқаншылары сіздерді басып озды.
РКС:Аудан үшін жол сапасы өте өзекті. Ұзындығы шамамен 200 шақырым болатын "Жақсы-Державинск" республикалық маңызы бар тас жолдың жөндеу жұмыстары әлі басталған жоқ. Әкім мердігер компанияны жауапқа тартуды және жұмысты бастау үшін облыстық бюджеттен ақша бөлуді тапсырды.
СНХ: ВЛАДИМИР КУЛАКОВ, ОБЛЫСТЫҚ ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: 500 миллион теңге бөлінді, бірақ оларды қайта бөлуге тура келді. + ckl + біз шілде айынан бастап мердігер ұйыммен оны заңсыз деп тану туралы сот ісін жүргізіп келеміз. Жобаны түзетеміз, жаңа конкурс жариялаймыз және келесі жылы жұмысты жалғастырамыз.
РКС: Ермек Маржықпаев бизнес, инвестициялар және ауыл шаруашылығы саласындағы оң өзгерістерді атап өтті. Жиыннан кейін өңір басшысы облыстық департаменттердің басшыларымен Жарқайың ауданын дамыту бойынша кеңес өткізді. Сондай-ақ, облыс әкіміне бірқатар әлеуметтік нысандарды аралап көрді. Соның ішінде Державинск қаласында жаңа дене шынықтыру кешені және Жарқайың аудандық ауруханасы бар.
ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАБАЕВ, КӨКШЕ АКПАРАТ