ДК: Қазіргі таңда кәсіпкерлерді қолдауға бағытталған шаралардың ауқымы кең. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қорының облыстық филиалы өңірдегі шағын және орта бизнеске қаржылық қолдау көрсетіп келеді.  Ақмола облысы бойынша 15 миллиард теңгеден астам несие рәсімделген. Нәтижесінде субсидиялауға қатысты 368 келісім-шарт жасалған. 

РКС: “Даму” кәсіпкерлікті дамыту қоры арқылы ширек ғасырдан астам бизнес өкілдері кәсібін дөңгелетіп отыр. Бүгінгі күні мемлекеттік деңгейде және қордың жеке бағдарламалары аясында қаржылай қолдау көрсетіліп келеді. «Кәсіпкерлікті дамытудың 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жобасы» бойынша 15 миллиард теңгеден астам сомаға 400-ге жуық келісім-шарт жасалған.

СНХ: ГҮЛНӘР ӘЛМУХАНОВА, «ДАМУ» КӘСІПКЕРЛІКТІ ДАМЫТУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Қор қызметінің негізгі бағыттары проценттік мөлшерлемені субсидиялау, кәсіпкерлерге екінші деңгейлі банктерге кепілдік беру. Сонымен қатар кәсіпкерлерді жеңілдетілген мөлшерлемемен қаржыландыру үшін екінші деңгейлі банктерде жеңілдікпен орналастыру болып табылады. Қор жүзеге асырып жатқан негізгі бағдарлама– кәсіпкерлікті дамытудың ұлттық жобасы және басым жобаларды несиелендіру тетігі. Аталған бағдарламалар аясында қордың Ақмола облысы бойынша филиалы 3000-нан астам субсидиялау және 1500-ден астам кепілдік жобаларды қолдады.

РКС: “Newstar” тұлғаны дамыту орталығының негізі 2018 жылдың қыркүйегінде қаланған. 150 балаға арналған 4 оқу сыныбы ашылды. Екі жыл бұрын дамыту орталығы кеңейтілді. Жобаны жүзеге асыру үшін 50 млн теңге көлемінде несие алынды. «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры 25 миллион теңге көлемінде несие кепілдігін берді.

ИНТЕРШУМ: сабақтың өту барысынан көрініс

РКС: Сонымен қатар, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры несие сомасының 50 проценті мөлшерінде субсидия және кепілдік беру арқылы «Виамедис» серіктестігінің жобасын қолдады. Оңалту орталығында терапия, хирургия, жалпы оңалту, нейрооңалту, балаларды оңалту, радиациялық диагностика және эндоскопия бөлімдері бар. Ол жерде инсульт, инфаркт және түрлі оталардан зардап шеккен науқастар оңалту курсынан өте алады.

СНХ: БАХТИЯР ҚОҢҚАРБАЕВ, «VIAMEDIS» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Шілде айында оңалту терапиясын қажет ететін науқастар үшін ашылған орталық. Бұл жобаны «Виамедис» серіктестігі мемлекеттік-жекеменшік әріптестік бағдарламасы аясында жүзеге асырды. «Даму» қорының қолдауымен бұл орталық ашылды. Жеке инвестиция құю арқылы және заем капиталын тарта отырып құрылысы аяқталды. Қазіргі таңда науқастарды қабылдап жатырмыз.

РКС: «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында «RaiThai» Spa-салоны қаражаттың тек 6 процентін ғана төлейді. Ал несие сомасының 50 проценті мөлшерінде қор кепілдік беріп отыр. 

СНХ: ӘНУАР ДОСЫМОВ, «FILIN GROUP» КОМПАНИЯНЫҢ ҚОСАЛҚЫ ҚҰРЫЛТАЙШЫСЫ: Бұл жоба «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қорының және Халық банкінің қолдауымен жүзеге асты. 150 миллион теңгеге жуық инвестиция тартылды. Жөндеу жұмыстарына 85 миллион инвестиция салынды, ал 62 миллионы мүліктің өзіне кетті. Біз СПА-бағдарламасының өнімдерін сатамыз, бұл аралас скрабинг, пилинг бағдарламалары, сондай-ақ массаж пакеттері.

РКС: «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры бизнесті қолдау шараларының негізгі операторы және интеграторы. 

АИДА ХАМИТОВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ЖАМБЫЛ БАЛТАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ