ДК: Республика күні қарсаңында Көкшетау қалалық қазақ кітапханасы “Қазақстан-Республикам менің” атты жыр-марафонын ұйымдастырды. Шара жастардың әдебиетке деген қызығушылығын арттыруға бағытталған. Марафонға орта арнаулы және жоғары оқу орындарының студенттері қатысты. Олар Отан, тәуелсіздік тақырыбында өлеңдер оқыды.
ИНТЕРШУМ: өлең оқу
РКС: Отанға деген сүйіспеншілікті жастардың бойына жастайынан сіңіру қажет,-дейді ұйымдастырушылар. Жыр марафоны-жастардың шығармашылық саласында дамуына жол ашу. Сондай-ақ, патриоттық сезімін оятып, насихаттау.
СНХ: ЖАНАР АЙТҚОЖИНА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚАЗАҚ КІТАПХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ: Бүгін көрнекті ақындардың патриоттық тақырыбында өлеңдері жатқа айтылады. Біз 1-ші, 2-ші, 3-ші жүлделі орындарды тағайындаймыз. Бүгінгі қатысушылардың барлығына біздің қалалық ақпараттық жүйесінің басшысы Серік Сапарұлы атынан алғыс хат және сыйлықтарымыз бар.
РКС: Сайысқа 50-ге жуық өтінім келіп түскен. Бүгінгі кеште іріктеуден өткен 30-ы сынға түсті. Қатысушылар оқитын өлеңдерін тақырыпқа сай, әрі өзіннің жанына жақын етіп таңдаған.
СНХ: АЙДАНА СЫЙЛАМ, ЖЫР МАРАФОНЫНА ҚАТЫСУШЫ: Менің сайысқа дайындаған өлеңдеріме тоқталатын болсам, М.Мақатаевтың “Отан” өлеңі. Бұл өлеңде Отанға деген ыстық сағыныш, патриоттық леңі бар. Бұл сайыс менің ойымша патриоттық поэзия жағынан, адамға рухани даму, қуаныш сыйлайды.
СНХ: БАЛНҰР ЗӘЙБЕН, ЖЫР МАРАФОНЫНА ҚАТЫСУШЫ: Мен 2-ші нөмірлі болып шығамын. Әрине, аздаған қобалжу бар. ++00:22++ Осындай жарыстарға қатысып жүремін. Осы жарысқа қатысқаныма өте қуаныштымын және жүлделі боламын деген ойдамын.
РКС: Жыр марафонында қатысушылар қазақтың танымал ақындарының шығармашылығын оқып, поэзия тұнығына бойлады.
АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ