ДК: Қазіргі таңда ұлттық ойындар қайта жаңғырып, ұлт мұрасын толтыруда. Жақында асық атудан Әлем чемпионаты өтті. Жарысқа қатысқан жерлесіміз жүлделі оралды. Өңірде бұл спорт түрі 2011 жылдан бастап ерекше қарқынмен дами бастады. Тақырыпты арнамыздың тілшісі  Аида Хамитова тізгідейді.  

РКС: Заманмен бірге қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық ойындары да жаңғырып келеді. Оның бірі - асық ату. Өңірде тоғыз құмалақтан бөлек, бес асық атудан да  үйірме ашылды. Басты мақсаты- ұлттық спорт түрін жастар арасында кеңінен тарату. 

СНХ: САМАТ ӘУКЕНОВ, АСЫҚ АТУДАН ОБЛЫСТЫҢ АҒА БАПКЕРІ:  Спорт түрі-асық ату. Оның ішінде бес табан. Оны ұлдар ойнайды. Бес асық- қыздарға арналғын. Шеңбер сызылады. Ұлдар 5-7-9 метрден атады. Ал бес асық- қыздарда 12 жаттығу бар. Бірлік, екілік, үштік, алақан. 150 ұпай санына дейін ойнайды. Табиғи асықпен ойнаймыз. Асықтың салмағы 11 граммнан жоғары болуы керек. ++03:15++Ұлдар  25-30 грамм  сақамен ойнайды.

РКС: Ұлттық ойынымызды әлемдік деңгейде таныту жағы да қолға алына бастады. Жақында бес асық ойыны бойынша Әлем чемпионаты өтті. Жерлесіміз жүлделі оралды. Ұлттық спортпен айналысуға анасы себепкер болған. 

СНХ: АЙЛАНА ДУМАН, БЕС АСЫҚ ОЙЫНЫНАН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНЫАсықты 2017 жылдан бері ойнаймын. ++00:48++ Анам кіші кезінде ойнаған. Маған ойын түрін көрсетті. Сол сәттен менің қызығушылығым оянды. Мен кішкентай кезімде бимен айналыстым. Бірақ аса қатты қызығушылығым оянған жоқ. Ал асық ойнын көрген кезде ұлттық деңгйге көтеру ойымда болды. ++02:52++ Асық ойнын одан әрі дамытқым келеді.

РКС: Өңірде асық ату спортын дамыту шаралары қолға алынды. Түрлі ұжымдар мен корпорациялардың ішінде асық ату ойыны бойынша жарыстар өтеді. Жеке кәсіпкерлер асықтың кәсіби түрлерін шығарып, стандартқа сай жасайды. Сондай-ақ, нәтижесі жоғары асықшыларға шеберлік спорт дәрежелері беріледі. 

АИДА ХАМИТОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ