ДИКТОР: Өңірде туберкулез  жағдайы тұрақты. Десе де өткен жылмен салыстырғанда науқастар санының өскені байқалады.  Дерт өршуінің негізгі себебі – иммунитеттің төмендеуі. Арнайы өткен брифинг барысында дәрігерлер балалар арасында вакцинация жүргізу және тұрғындардың уақытылы медициналық көмекке жүгіну қажет екендігін атап өтті. 

РКС: Өткен жылмен салыстырғанда ағымдағы жылдың 8 айында сырқаттанушылық деңгейі 1,1 есеге артты. Балалар арасында туберкулездің 7 жағдайы тіркелді. Қазақстанда жаңа туған нәрестелерді міндетті вакцинациялау жүргізіледі.  Алайда кейбір ата-аналар екпеден бас тартатын көрінеді. 

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:  Туберкулездің алдын алуда БЦЖ вакцинациясы маңызды, негізгі рөл атқарады. Ағымдағы жылдың 7 айында 6113 бала дүниеге келді, оның ішінде 5769 балаға екпе егілді. Әрине, бас тартулар да бар. Бүгінгі күнге ейін осындай 142 дерек тіркелді. 

РКС:Жалпы вакцинация жылына екі рет жасалады. Яғни нәресте алғаш туған кезде және 6-7 жаста тағы бір мәрте егіледі.Ересектердегі алдын-алу шарасы-флюорография. Ағымдағы жылдың 8 айында Ақмола облысының тұрғындарының 94 проценті тексерілді. Нәтижесінде 190 жағдай анықталды.

СНХ: ЫРЫСТЫ ШОЛАТАЕВА ОБЛЫСТЫҚ ФТИЗИОПУЛЬМОНОЛОГИЯ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Манту сынағы бізге не береді? Біріншіден, біз туберкулезбен ауыратын балаларды осы әдіспен анықтаймыз. Содан кейін біз профилактикалық емдеуді қажет ететін балаларды анықтаймыз. Баланың отбасында Манту реакциясының оң нәтижесі болған жағдайлар бар, біз инфекцияның көзін анықтай бастаймыз, өйткені балалар ересектерден жұқтырады. Содан кейін отбасы мүшелерін тексергеннен кейін ересектердегі туберкулез анықталады. Сондықтан бұл сынақ өте маңызды!

РКС: Сондай-ақ, медициналық мекемелердің қызметкерлері халықпен, әсіресе вакцинациядан бас тартқан ата-аналармен ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді. Туберкулез инфекциясының алдын алу бойынша 64 семинар өткізілді.

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСИН ӨМІРЗАҚ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»