ДК: Көкшетауда облыстық салааралық олимпиада өтті. Ол Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар мерекесіне арналды. Шараның басты мақсаты-  одақ ішіндегі бірлік пен ынтымақты нығайту. Сондай-ақ, дене шынықтыруды дамыту мен насихаттауға бағытталған. Аталған шара жыл сайын өткізіледі. 

ИНТЕРШУМ: салтанатты ашылуы 

РКС: «Халық денсаулығы – ел байлығы» атты денсаулық фестивалі Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар күнін мерекелеуге орайластырылған. Жарысқа облыс кәсіподақтарының барлық филиалдарының құрама командалары қатысты. Өтінімдер 26 қыркүйекке дейін қабылданды. 

СНХ: ҚАЛИ РАХМЕТОВ, ОБЛЫСТЫҚ АУМАҚТЫҚ КӘСІПОДАҚТАР БІРЛЕСТІГІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:  Бүгін біз кәсіподақтардың кезекті спорт жиынына жиналдық. Бұл жерде түрлі саладағы  командаларымыз бар. Мақсатымыз – спорт. Өйткені ол баршамызды біріктіреді. Аталған шара қызметкерлердің белсенділігін көрсетеді. Бүгінгі біздің міндет- ең мықты қызметкерді анықтау.

РКС: Спартакиада спорттың  6 түрі бойынша өтті. Олар шағын футбол, волейбол, шахмат, дартс және ұлттық ойындар. Оның ішінде тоғызқұмалақ және арқан тарту бар. Нәтижесінде барлық спорт түрінен ең жоғары жалпы ұпай жинаған команда жеңімпаз атанды. 

СНХ: БЕЙБІТ НҰРАХАЕВ, «ТЫНЫС» АҚ КӘСІПОДАҚ ҰЙЫМЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  Бүгінгі шарада біз барлық спорт түрінен қатысамыз, біздің командада 30-ға жуық адам бар. Барлық командаға сәттілік тілеймін. Ұйымдастырушыларға алғысымыз шексіз. Соңғы рет мұндай шара 2019 жылы болды. Пандемияға байланысты бір жыл өткізілген жоқ. Әрине, мен бұл шараның жыл сайын болғанын қайлаймын. Командалық іс шаралар бізді біріктіреді. 

РКС: Байқау қорытындысы бойынша бірінші орынды білім беру қызметкерлерінің кәсіподақ ұйымы жеңіп алды. 2 отұғырға денсаулық сақтау саласының қызметкерлері көтерілсе,3-орынды «Тыныс» акционерлік қоғамы місе тұтты. Қатысушылар диплом, кубоктар және ақшалай сертификаттармен мадақталды.  

АИДА ХАМИТОВА, АЛЕКСАНДРА ГАУЭРТ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ