ДК: Шоқан Уәлиханов атындағы Көкшетау университетінде Ғылыми кеңестің кеңейтілген отырысы өтті. Жоғарғы оқу орының ректоры Марат Сырлыбаев өткен жылды қорытындылап, 2022-2023 оқу жылына қойылған міндеттерді айқындады.Тілшіміз Жанерке Төлен баяндайды.

РКС: Оқу жылындағы Ғылыми кеңестің алғашқы отырысы өтті. Ректор Марат Сырлыбаев өз есебінде өткен жылдың басты жетістіктері мен анықталған проблемаларға тоқталды. Іс-шара барысында оқытушылар жұмысынан басқа студенттерді жұмысқа орналастыру және практика мәселелері айтылды.

СНХ:АЙНА ХАМИТОВА , ХИМИЯ ЖӘНЕ БИОТЕХНОЛОГИЯ КАФЕДРАСЫНЫҢ ДОЦЕНТІ: Университет ректорының есебі өтті, онда біздің қызмет қорытындыларына есеп берілді. Көріп отырғанымыздай, университет оқу, ғылыми, тәрбие қызметінде де үлкен жетістіктерге жетті. Біздің университеттің жетістіктері, одан әрі даму перспективалары айтылды. 

РКС: Іс-шара аясында Жоғарғы оқу орнының дамуына қосқан үлесі үшін ғалым-педагогтар бөсбелгілермен марапаттады. Педагогикалық құрамға, сондай-ақ университет қонақтарына арналған концерт ұйымдастырылды.

ИНТЕРШУМ: концерт

РКС: Жас оқытушылар арасында директорлар мен кафедра меңгерушілері сайланды. Ең алдымен, бұл болашақ мұғалімдер үшін алған кәсіби дағдыларын іс жүзінде шыңдау мүмкіндігі. Сондай-ақ, ректор жоғары оқу және ғылыми көрсеткіштері бар алдыңғы қатарлы студенттерге атаулы стипендиялар тағайындады.

СНХ: АЙГҮЛ ЖАҚЫПОВА. УНИВЕРСИТЕТ ПРОРЕКТОРЫ Біздің студенттерге стипендиялар берілді. Бұл академиялық көрсеткіштері өте жоғары және көп балалы отбасылардан шыққан студенттерге қолдау көрсету үшін Кәкімбек Салықов атындағы, Еркін Әуелбеков атындағы стипендиялар. Ай сайынғы стипендия 100 мың теңгені құрайды.

РКС: Биыл университет 60 жылдық мерейтойын атап өтуде. Атаулы күн қарсаңында университет әр түрлі жылдардағы түлектердің кездесуін ұйымдастырды, олардың әрқайсысы өзінің ізін қалдырғандар. 1999 жылғы түлек - Рүстем Биғари-, Ол бүкіл өмірін IT саласына арнады.Кездесуде ол "түлектер қауымдастығы" қоғамдық бірлестігін құруды ұсынды

СНХ: РҮСТЕМ БИҒАРИ – ЦИФРЛЫҚ ҮКІМЕТТІ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Биыл "Ualikhanov University"60 жасқа толады, ЖОО ел үшін кадрлар даярлауда. Биылғы жылы университет басшылығы мерейтойлық шараны атап өтуге шешім қабылдады. Біз бүгін университет түлектері ретінде қауымдастық құрдық, жас талантты студенттерге, талантты жас оқытушыларға көмектесетін, оларды ынталандыратын, ынталандыратын және дамуға мүмкіндік беретін эндаумент-қор құрдық. Қауымдастық құру құрметіне біз бүгін университет түлектерімен аллея саламыз. Бұл дәстүр жалғасады және ешқашан аяқталмайды деп үміттенемін!

РКС: Атаулы Аллеяға құрметті түлектерідің есімі берілді. Бұл іс-шараға  30 түлек қатысты.

ЖАНЕРКЕ ТӨЛЕН, ВАСИЛИЙ ПАВЛИДИ, ЖҮРСІН ӨМІРРЗАК, КӨКШЕ АКПАРАТ