ДК: Жылдың соңына дейін 5 ауыл шаруашылық жәрмеңкесі ұйымдастырылады. Оның 2-і Елорда төрінде, 3-і облыс орталығында  өтеді деп жоспарланған. Мереке қарсаңында өткен кезекті жәрмеңке барысында облыс әкімі тиісті сала мамандарына осындай тапсырма жүктеді. Сондай-ақ, өңір басшысы Ермек Маржықпаев аудан,ауылдардан ат арытып келген шаруашылық иелерімен тілдесіп, тауар бағасын бағамдады. 

ЕСТ.ШУМ: КОНЦЕРТ

РКС: Халықтың көңілі көтеріңкі. Мереке қарсаңында жиналған қарашаға осындай концерт те ұйымдастырылған. Әр ауданнан келген өнерпаздар әннен шашу шашып, өз өнерлерін ортаға салды. Ауылдың дәмін сағынғандар ұзын-сонар кезекке де қарамайды. Себебі тауар бағасы нарықтағыдан 15 процентке төмен.

СНХ: ЖЫЛҚАЙДАР ҚҰЛАХМЕТОВ, СПИРИДОНОВКА АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ (ЕГІНДІКӨЛ АУДАНЫ):  Қара мал, қой етін әкелдік. Жақсы өтіп жатыр. жартысынан көбін сатып үлгердік. Осындай жәрмеңкелер ауыл тұрғындары үшін де, қала тұрғындары үшін де өте тиімді. 

Ест.шум: 

-          Апа, бүгінгі жәрмекеңке қалай?
-          Жәрмеңке жақсы. Бағалары қол жетімді. Еттің бағасы жақсы екен. 2100-ден алдық. Алдағы уақытта тағы да ұйымдастырылғанын қалаймыз. 


 РКС:
Өңір басшысы Ермек Маржықпаев жәрмеңкелердің жарнамасын күшейту керектігін айтты.  Сондай-ақ, тек облыс орталығында ғана емес, аудандардар да өткізуді тапсырды. 

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Халықтан мерекелік көңіл-күй лебі сезіледі. Себебі қос мерекені  атап өтудеміз. Қарттар айлығы мен ұстаздар күні. Күн де жақсы болып тұр. Енді осындай жәрмеңкелерді әр аудан орталығында ұйымдастыру керек. Жарнамасын жақсылап жасау керек. 

РКС: Айталық, осы жолғы жәрмеңкеге 90 ауыл шаруашылығы өндірушісі қатысы. 66 млн.теңгеге бағаланған 63 тонна өнім саудаланды. 

СНХ: ҒАЛЫМЖАН ӘБДІХАЛЫҚОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: 28 тонна ет, 4,5 тонна сүт өнімі, картоп 10 тонна, көкеніс 10 тонна әкелдік. Бұдан бөлек, шөп, сабан және жемдерді де молынан қойдық.  Жалпы барлық тауар 63 тоннаны құрайды. халықтың көңіл-күйі жақсы. Бәрі алып жатыр. 

РКС: Енді көкшетаулықтар үшін келесі  2 жәрмеңке  қараша айында өтеді. Ал, жаңа жыл қарсаңында ірі 1 жәрмеңке ұйымдастыру көзделген. Осы айдан жергілікті ауыл шаруашылығы өндірушілер өз тауарларын елорда төрінде саудалайды. 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»