ДИКТОР КАДРДА: Сандықтау ауданының диқандары гектарынан 68 центнерге дейін  астық жинап, рекорд жаңартты. Бұл  бұрын-соңды болмаған көрсеткіш. Жалпы жергілікті шаруашылықтар алқаптағы астықтың 85 прценттен астамын орып үлгерді.  
 
ЖКС: Қырмандағы жұмыс қауырт. Диқандар алқаптан жеткізілген алтын астықты кептіріп, сұрыптап жатыр. Бұл «Белгородское» серіктестігі. Биылғы өнімнің шығымдылығы мен сапасы ерекше қуантты, дейді шаруашылық жетекшісі. Оған сеп болған қолайлы ауа-райы мен агротехникалық шаралардың тиімді қолданылуы. Өткен жылы серіктестік сұйық тыңайтқыштар өндіретін зауыт салған. Яғни жерді азот және фосформен байтады. Енді міне, нәтипжесін көріп отыр.   

СНХ: ЮРИЙ ЕРМОЛАЕВ, ЦЕХ ШЕБЕРІ: Заводты өзіміз монтаждадық. Егіс алқаптарына арналған сүйық тыңайтқыштарды шығарамыз. Кейін оны алқаптарға себеміз. Нәтижесі керемет. Осы күнге дейін көп дегендле гектарынан 25 центнерден астық жинасақ, бүгінде бұл көрсеткіш әлдеқайда жоғары.  
ЖКС: Ия, алқаптағы масағы майысқан мол астықты жинаудың өзі ғанибет.Атжалдардың қалыңдығы сонша кеңөңеш комбандардың өзі қақалып жатады. Тәжірибесі көп конбайншы Денис Осетров биылғы науқан ерекше деп отыр. Мәселен, мына алқаптан гектарына 68 центнерге дейін астық жиналуда.   

СНХ: ДЕНИС ОСЕТРОВ, КОМБАЙНШЫ : 2009 жылдан бері механизатор болып жұмыс ісатеймін. Бұл фирмада 8 еңбек етіп жүрмін. Комабйным жаңа. Биыл астықтың шығымдылығы өте жақсы. Дәл қазір кектарына 62-68 центнерден астық жинап жатырмын. Керемет көрсеткіш. Табысым да жақсы.          
 
ЖКС: Шаруашылық бойынша гектарына орташа есеппен 35-40 центнерден астық жиналуда. Жалпы серіктестік биыл 13 мың гектар егістік алқабына дән сіңірген. 11 мыңына арпа-бидай, 2 мың гектар жерге майлы дәнді-дақылдар және жерге табиғи дәрумен беретін тәтті беде бұршағы себілген. Бүгінгі таңда күзгі орақ науқанына 23 комбайн, 50 шақты жүк көлігі мен 100 адам жұмылдырылған. 

СНХ: АРТЕМ ЛЮБИМОВ, «БЕЛГОРОДСКОЕ» СЕРІКТЕСГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Биылдан бастам қатты тыңайтқыштармен бірге  кешенді түрде сұйық тыңайтқыштарды қолдана бастадық. Бұл сәтті тәжірибе болды. Кейбір алқаптардан гектарына 60 центнерге дейін астық жинап жатырмыз. Қазақстандық Любава тұқымын септік. Орақ науқынын аяқтауға жақынбыз. 90 проценттен астамын орып үлгердік. Шығымдылық жақсы, атжалдар қылың әрі биологиялық массасы жоғары.  
ЖКС: Облыс бойынша астықтың шығымдылығы жағынан Сандықтау ауданы үздіктердің қатарында. Аудандағы 54 серіктестік пен 207 шаруа қожалығы айдың соңына дейін маңызды науқанды аяқтауды жоспарлап отыр.   

СНХ: ГҮЛНАР ҚАБДЕНОВА, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ АУЫЛШАРУАШЫЛЫҒЫ БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Маңызды науқанды жоспарға сәйкес уақытында аяқтаймыз деп огтырмыз. Жалпы егістік алқабының 85 проценті орылды. Аудан бойынша орташа шығымдылық гектарынан 19 центнерді құрап отыр. Жалпы аудан бойынша егістік алқабы 339 мың гектарды құраса, оның 314 мыңына астық-бұршақ дақылдарын септік. Сонымен бірге 15 мың гектар жерге майлы-дәнді дақылдар егілді.
 
ЖКС: Алдағы мақсат, алқаптағы астықты сұрыптап, ысырапсыз қамбаға құйып алу. Жалпы серіктестік келесі жылы тыңайтқыштар шығаратын зауыттың қуатын арттыруды жоспарлап отыр. Алтын астықты иіп, қамбасына құйып берген Жер-Анаға да дәрумен керек. Егін берген егістік алқабына есесін қайтарсаң ұтасың!
 
БЕРІК ҚАЙДАРҰЛЫ, САБЫРБЕК ҚҰЛАТАЙ, КӨКШЕ-АҚПАРАТ