Жүргізуші: Көкшетауда мемлекеттік бағдарлама бойынша салынып жатқан үйлердің құрылысы тоқтап тұр. Себебі, қымбатшылыққа орай жобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізілуі қажет. Салынып біткен бірнеше баспана бар. Алайда олар да абаттандыру аяқталмағандықтан қолданысқа берілмей отыр. Баспана кезегінде тұрғандардың саны  уақыт өткен сайын артып барады. 
 
Тілші: Көкшетауда 9 мыңнан астам адам баспана кезегінде тұр. Олардың қатарында Қаныбековтер отбасы да  бар. 2007 жылдан бері кезегін күткен жанұя әлі күнге дейін үйге қол жеткізе алмай келеді. 
 
СНХ: ГҮЛСАРА ҚАНЫБЕКОВА, КӨКШЕТАУ  ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Квартира жалдаймыз. Әйтеуір, анау деп, мынау деп 110 мыңға зорға келісіп алдық. И то келесі жылы көтеремін деп отыр. 1160 очередьте тұрсыздар деді, ол былтыр сондай еді әлі сол қалпында тұр. Ешқандай жылжу жоқ. 
 
Тілші: Мемлекеттік бағдарлама бойынша баспаналар жаңа "Сарыарқа" ауданында салыну керек. Алайда құрылыс жұмыстары жүріп жатқан жоқ. Тек коммерциялық баспаналар ғана салынып жатыр. Құрылыстың тоқтауына қымбатшылық себеп. Материалдардың құны 30-40 пайызға артқан. Сондықтан бұрынғы есеп бойынша баспана салу тиімсіз, шығынға батамыз, - дейді мердігерлер.   
 
СНХ: АСХАТ ЖҰМАБЕКОВ ҚҰРЫЛЫС КОМПАНИЯСЫНЫҢ ӨКІЛІ: Жалақылар жұмысшылардың көтеріп жатыр бәрін сондықтан корректировка берді. Ең басты не ғой сол, жаңағы материалдың қымбаттауы. Қазір кірпіш те, бетон, цемент бәрі қымбаттап кетті де, плитаның өзі қымбаттап кетті қазір бәрі сондықтан біз корректировкаға беріп жатырмыз. Бүкіл гособъектілер.  
 
Тілші: Көкшетауда мемлекеттік бағдарлама аясында 21 көпқабатты үй салынып жатыр. Оның 15-інде құрылыс тоқтап тұр. 
 
СНХ: ӘЛИХАН РАҚЫМЖАНОВ КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫС БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІ МАМАНЫЖобалық-сметалық құжаттарға түзетулер енгізіледі. Қазіргі нарықтық бағаларды ескере отырып, жобаның құны өзгереді. Нақты қаншаға қымбаттайтынын айта алмаймыз. Алайда, 30 пайыздан аспау керек. Түзетулер енгізіліп, сараптамадан өткеннен кейін құрылыс жұмыстары жалғасады.  
 
Тілші: Шаһарда былтырдан бері мемлекеттік бағдарлама бойынша бірде-бір жаңа үй қолданысқа берілген жоқ. Ал салынып жатқан нысандарда құрылыс қашан қайта жанданары да нақты белгісіз.
ЕРМЕК ЕЛБЕРГЕН, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ