ДИКТОР: 8 айдың қорытындысына сүйенсек, Ақмола облысы барлық салалар бойынша республикада көш бастап тұр. Бұл туралы аймақ басшысы Ермек Маржықпаев сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малаховпен кездесу барысында мәлімдеді. Жүздесу «Ашық микрофон» форматында өтті. Онда адал кәсіпкерлерді қорғау сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің басым бағыты болып табылатыны атап өтілді. 

РКС: "Бизнестің жол картасы-2025" бағдарламасы аясында өңірде әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштерінің оң серпіні байқалады. Жоба аясында 250 млрд.теңгеге 4,5 мыңнан астам жобаға қолдау көрсетілді. Бұл өңдеу өнеркәсібінде, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда бизнестің кеңеюіне ықпал етеді. Жобаға қатысушылар 11 жыл ішінде 1,8 триллион теңгенің өнімін өндіріп, 144 млрд.теңге көлемінде салық төледі. Сонымен қатар, 6000-ға жуық жаңа жұмыс орны ашылды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІМемлекеттің кәсіпкерлік саласындағы негізгі міндеті 2050 жылы шағын және орта бизнестің үлесін 50 пайызға дейін жеткізу. Бүгінде жағдайды жақсартуға және әкімшілік кедергілерді азайтуға, бюрократиялық алғышарттарды оңайлатуға бағытталған қоғамдық бастамалар заңнамалық тұрғыдан іске асырылып жатыр.

РКС: Кездесу барысында бизнес өкілдері субсидиялау саласындағы заңнаманы жетілдіруге, арзандатылған жанар-жағар май жеткізуге, жайылымдық жерлердің тапшылығына, салық заңнамасына, халықтың қауқары аз топтары үшін нысандардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты сұрақтар қойды.

СНХ: ИГОРЬ ПЛЮШКИН, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: Шағын және орта кәсіпке арналған нысаннадрдың қолжетімділігін қамтамасыз етуге қатысты жобалау-сметалық құжаттаманы дайындау кезінде әлеуметтік қорғау органдарымен келісімге келу бірде-бір нормативті актімен қарастырылмаған. Декларацияға қол қою үшін құрылысты аяқтағаннан кейін барып қана келеді, ал ол кезде ешқандай өзгерту енгізу мүмкін емес. Осыған орай азаматтар үшін қолжетімділікке қатысты сәйкессіздіктер орын алады. 

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгін көқтерілген мәселелердің барлығы бақылауда болады. Мерзіміне қатысты сіздермен әлі талқылаймыз. Жақын арада тағы да кездесеміз деп ойлаймын. Мәселенің бар екені анық, оны жан-жақты қарастыру қажет. 

РКС: Мемлекеттік органдардың араласуынан кәсіпкерлерді қорғау, сондай-ақ адал кәсіпкерлерді негізсіз тартуға жол бермеуге қатысты шаралар туралы айтылды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті қызметкерлерінің іс-әрекеті қатаң бақыланады. Тергеу іс-қимылын келісу алгоритмі жасалды. Ол бизнес мүддесін қозғауға қатысты  болмақ. Бірыңғай ресстрде тіркеуден бастап тінтуді жүргізуді аяқтауға дейінгі аралықта жүргізілмек. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты бизнес қауымдастықтың иммунитетін көтеру және кәсіпкерлердің адалдығын қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, ӘДІЛ САҒИДУЛЛАЕВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ