ДК: Өңірде балалар жылына арналған шаралар легі жалғасуда. Осыған орай облыстық мемлекеттік архивтің ұжымы “Архив және болашақ ұрпақ” атты жобасын қолға алған. Бүгін оның аясында мектеп оқушылары мен студенттерге арналған “Ашық есік” күнінде көрме ұйымдастырылды. 

РКС: Архив-өткен, қазіргі және болашақ көкжиегін байланыстыратын платформа. Оның көмегімен елдің әрі қарай дамуына ықпал ететін белгілі бір тарихи фактіні растауға болады. Көрме барысында Кеңес заманында өмір сүрген балалардың жеке куәліктері мен суреттері көрсетілді. Олар жарты ғасырға жуық уақыт бойы архивте сақталған. 

СНХ: ДІЛДӘ БЕКҚАЙДАРОВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК АРХИВІНІҢ  БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ: Бұл жақсы бастама деп ойлаймын. Ең басты міндет- комитет басшысы атап өткендей, архивист деген мамандықты популяризация жасау. Бізде 5 бөлім бар. Әрқайсысы өз функцияларын атқарады. Ең алдымен біздің архив ол- құжаттарды сақтау және оны ұрпаққа жеткізу.

РКС: Сондай-ақ, шара аясында пионер және комсомол қозғалысының тарихы, тәуелсіздік кезеңіне байланысты көрме ұйымдастырылды. Дерреккөздер негізінде тарихи оқиғалар айту барысында, балалардың қызығушылығы арта түсті. Олар ХХ ғасырдың әрбір фотосуреттеріне қарап, зейін қойып тыңдады. 

СНХ: АЯЖАН ҚОНЫСБЕКОВА, КӨКШЕТАУ ҚҰРЫЛЫС-ТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІНІҢ СТУДЕНТІБүгін мен өте қызықты мәліметтер алдым. //00:58// Егер оқудан қажет болып жатса,  мамандығыма байланысты егер тарихи маңызды тұлға қажет болса, //01:03//керек мәлеметтер осы жерден таба аламыз. Осы жерде балалар үйінде өскен баланың құжаттары, төл құжаты, аттестат пен табельдерін көру маған қызық болды. 

РКС: Еліміздің мемлекеттік архивтері жыл сайын 5 мыңнан астам ақпараттық іс-шаралар өткізіледі. Сондай-ақ, алдағы уақытта түрлі тарихи деректер мен оқиғалар тақырыбында сурет салу байқауы өткізіледі. 

АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ