ДК: Ақмола облысында Әдеп Кодексінің нормаларын бұзған мемлекеттік қызметшілердің  қатары азаймай тұр.  Жыл басына бері 26 тәртіптік іс қаралған. Оның ішінде мемлекеттік 10 қызметші жауапкершілікке тартылды. Бұл туралы әдеп жөніндегі кеңестің кезекті отырысында белгілі болды. Жиында облыстық басқармалардың есебі тыңдалып, осы бағыттағы бірқатар мәселе талқыланды. 

РКС: Облыстық ішкі саясат басқармасында 35 адам қызмет етеді. Оның 10-ы басшылық лауазымда. Биыл 6 қызметкер өз еркімен жұмыстан босатылған. Ұжымда әдеп кодексінің нормалары мен тәртібін сақтау жөніндегі түсіндіру жұмыстары жүрігізіліп тұрады дейді,-басқарма жетекшісі. Десе де, осы жылдың басынан бастап норманы бұзған 8 қызметкер жауапкершілікке тартылған. 

СНХ: АЛТЫНАЙ ӘМІРЕНОВА,ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Ақмола облысы Ұлттық қауіпсіздік комитет департамен қызметкерлері ақпараттық және киберқауіпсіздікті жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша Басқарманың жұмыс компьютерлерінде қызмет бабында пайдалану үшін құжаттары табылды. Тексеру барысында анықталған бұзушылықтар негізінде Басқарманың 5 қызметкеріне, оның ішінде 2 орынбасары Әбдірахмановқа, Каримоваға тәртіптік шаралар қолданды. Жоғарыда аталған қызметкерлермен әңгіме жүргізіліп, алдағы уақытта бұзушылықтарды болдырмау жөніндегі нормалар және қағидалар түсіндірілді.

РКС: Ал, облыстық білім басқармасындағы көрсеткіште көңіл көншітпейді. Қаржылық сауатсыздық және бұқарамен кездесуде дөрекілік танытқан сала мамандары жауапкершілікке тартылды. Олардың ұзын ырғасы 15-ке жуықтайды. Қазіргі таңда ұжымда әдеп нормаларына қатысты түсіндіру жұмыстары күшейтілген.

СНХ: БОТАГӨЗ ДҮЙСЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Әдеп жөніндегі уәкіл мемлекеттік қызметшілермен тәртіптік, әкімшілік және қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаудың алдын алуға бағытталған түсіндіру жұмысын тұрақты негізде жүргізеді, қандай да бір құқық бұзушылық жасағаны үшін жауаптылықты түсіндіреді. Білім басқармасына жүгінген азаматтармен, мемлекеттік қызметшілермен консультациялар мен әңгімелесулер, оның ішінде телефон арқылы не тиісті ақпарат беруді қамтамасыз ететін басқа да коммуникация құралдарын пайдалана отырып жүргізіледі. Ағымдағы жылы Білім басқармасының Инстаграмдағы аккаунтында тікелей эфир және ZOOM платформасында түсіндірмелер жүргізіледі.  
 

РКС: Тәртіптің – аты тәртіп. Сондықтан заңды бұзған адам жазалануы тиіс. Жиында осы қос басқармадан басқа Бурабай және Бұланды аудандарындағы әдеп нормасын бұзғандар айтылды.  Сондай-ақ, сыбайлас жемқорлық дерегін азайту бағытындағы бірқатар ұсыныс айтылды. 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»