ДК: Егіндікөл ауданындағы “Ушаково-агро” серіктестігі 20 мың гектар алқапқа дәнді дақылдар сеуіп, сарыала күзде мол және сапалы бидай жинауды жүзеге асырып келеді. Жері құнарсыз болса да агротехникалық шараларды тиімді қолдану игі нәтижесін беруде. 

СТЭНДАП: ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ ТІЛШІ: Серіктестік орақты 20 күнде аяқтап шықты. 

РКС: Қырмандағы қызу еңбек әлі басылған жоқ. Соңғы жеткізілген жаңа астық жайлы қоймаға құйылғанша ол толас таппайды. Кішігірім элеваторға теңесетін сұрыптау, кептіру агрегатторы іске қосылған. 

СНХ: МЕРУЕРТ БАЙБОСЫНОВА, ҚЫРМАН МЕҢГЕРУШІСІ: Бидайдың сорттары өте сапалы. Оның төрт түрін егеміз. Астық қабылдаудың алдында қоймалар толық дезинфекцияланады. Сыйымдылығы да жақсы.Қоймалар толуға жақын. Артылғанын элеваторларға жөнелтеміз. Қырманда 20-ға жуық адам тұрақты түрде жұмыс істейді. 

РКС: Қырманда үйіліп жатқан жаңа астықты тазалап, автокөліктерге тиеу жұмыстары тоқтаусыз жүргізілуде. 

СНХ: ҒАЗИЗ СӘМЕТОВ, ТИЕУШІ:  Камаздар бірінен соң бірі келіп жатыр. Оларды тиеу жұмыстары кестеге сай жүргізіледі. Тоқтау жоқ. Орақ кезінде жұмыс істеу жылына бір келетін туған күн сияқты. Сондықтан әрбіріміз ерінбей жұмыс істейміз. 

РКС: Жаңа астықтан босатылған алқаптарда да қызу еңбек. Сүдігер және пар жырту жұмыстары қатар жүріп жатыр. Бәрі де алдағы егістің қамы екені аян. 

СНХ: Бахтияр ЫСҚАҚОВ, “УШАКОВО-АГРО” СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАС ДИРЕКТОРЫ: Диқан жұмысы 12 ай жалғасады. Мамырдан бастап ораққа дейін тыным жоқ. Биылғы орақты 20 күнде толығымен аяқтап шықтық. Енді сүдігер мен пар жыртуда қатар жүргізіп жатырмыз. Минералды тыңайтқыштар да себілуде. Бұл агротехникалық шаралдар алдағы жылдың мол астығының негізі. 

РКС: Баптай білсен-жер жомарт деген осы емеспе. Алажаздай жаңбыр жаумаса да жерді аялай білген “Ушаково-агро” серіктестігінің диқандары жыл 12 ай бойға тынымсыз еңбектерінің маңдай терін ақтады. 

ҚАЛЫМБЕК МҰХАМЕДЖАНОВ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ