ДК: Биыл балалар жылы. Сондықтан елімізде бүлдіршіндерді қорғауға, сапалы біліммен қамтуға ерекше көңіл бөлініп отыр. Осыған орай өңірде өскелең ұрпаққа арналған түрлі іс-шара ұйымдастырылуда. Соның бірі-«Зерек» балабақшасындағы “Балаларға базарлық” шарасы.

РКС: Тілдер мерекесіне арналған онкүндік шарада бүлдіршіндер өз өнерлерін паш етті. Мереке барысында қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесі мен балабақша арасында меморандумға қол қойылды. Бұл келешек ұрпақты кітап оқуға баулып, алдағы уақытта балғындардың білімін жетілдіруге септігін тигізеді.

ИНТЕРШУМ: меморандумға қол қою сәті (06690020)

СНХ: СЕРІК ЖЕТПІСҚАЛИЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ КІТАПХАНАЛАР ЖҮЙЕСІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Осындай меморандумға қол қойдық.СКЛ/00:34//+Балалармен әңгіме өткіздік, көптеген жаңадан шыққан журнал, кітаптар алып келдік. Жаңа ақпараттық құралдар алып келдік. Компьютер, ұялы телефон арқылы оқылатын әдістемелік құралдар алып келдік. Алдағы мақсатымыз- кітап оқуға тарту. Бұл балалардың тәрбиесіне әсер етеді.  Болашақта осы кітапханамен, балалармен жұмыс істейміз.  

РКС: Іс-шараның мақсаты- ана-тілінің мәртебесін арттыру, оны құрметтеуге үйрету. Сондай-ақ, балаларға арналған кітаптардың шағын көрмесі ұйымдастырылды. Тіл мерекесіне орай балабақша бүлдіршіндері ән шырқап, өлеңдерін дайындады.  

СНХ: РАЯНА СӘПИЕВА, «ЗЕРЕК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Ана тілің – арың бұл, ұятың боп тұр бетте. Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте.

СНХ: МҰХАММЕД НҰРМАШЕВ, «ЗЕРЕК» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ Тілім барда мақтанам, тілім барда шаттанам. Бірлігімді бүгінгі- ана-тілім сақтаған. 

РКС: Шара барысында балғындар “Шалқан” ертегісінің желісі бойынша шағын қойылым сахналады. Келген қонақтар олардың көрнекі киімдеріне, орындаушылық шеберліктеріне жақсы баға беріп тарқасты. 

ИНТЕРШУМ: “Шалқан” ертегісінің қойылымы (06690074)

АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ