ДИКТОР: Сапалы білім беру мәселесі өзекті. Алайда, елімізде қала мен ауыл мектептеріндегі оқыту жүйесінің деңгейі әртүрлі екені рас. Бұл бұрыннан айтылып келе жатқан проблема. Оны шешу де оңай емес. Жұмысты кезең-кезеңмен жүргізу қажет. «IQanat» қорының да басты мақсаты осы. Бұл жоба аясында шалғай жатқан елді мекендерде тұратын оқушылар «IQanat High School of Burabay» мектеп-пансионатында тегін оқуға жолдама алады. 

РКС: Бұл оқу ордасына түсудің өзі оңай емес. Биыл Жаңаөзен қаласынан мыңға жуық оқушы үш кезең бойынша сынға түскен. Солардың ішінен тек 50-і үздік шығып, мектепке қабылданды. Сынақтан сүрінбей өткендердің бірі-Гүлнәз Нұрғали. Ол болашақта ұстаз болғысы келеді. Жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін туған қаласына баруға ниетті. Басты мақсат- шалғай жатқан елді мекендерде тұратын бүлдіршіндердің сапалы білім алуына үлес қосу,-дейді ол. 

СНХ: ГҮЛНӘЗ НҰРҒАЛИ, «IQANAT HIGH SCHOOL OF BURABAY» МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:  Біз мұнда математика және ағылшын пәндерін тереңдетіп оқимыз. Көбіне жаратылыстану жағына ден қойылған. Бұл оқу ордасының ауыл мектептерінен айырмашылығы да сол. Біз жаңа ортаға үйренісіп, басқа аймақтардан келген балалармен бірге оқып жатырмыз. Біз бұрын барлық пәндерді оқысақ. Мұнда тек өзіміз таңдаған сабақтарға ғана мән береміз. Мектеп ерекше. 

РКС: Мектепте оқушылардың бос уақытын тиімді ұйымдастыру жағы да қарастырылған. Үйірменің сан түрі бар. Қай саланы таңдаймын десе де, шектеу жоқ. Жаңаөзен қаласынан келген Роман Бекбатыр сабақтан тыс уақытында мобилографиямен айналысқанды ұнатады. Бұл тек хобби, ал болашақта мен экономист болғым келеді,-дейді ол. 

СНХ: РОМАН БЕКБАТЫР, «IQANAT HIGH SCHOOL OF BURABAY» МЕКТЕБІНІҢ ОҚУШЫСЫ:  Менің ең жақсы көретін пәндерім математика және ағылшын тілі. Скл Оқу ордасында осы сабақтар өте жақсы деңгейде оқытылады. Жаңаөзен қаласындағы мектеппен салыстырсақ, айырмашылығы жер мен көктей. Бұл жерде барлық жағдай жасалған. Сабақтардың көбі ойын форматында өтеді. скл Осылай біздің қызығушылығымызды аулай арқылы жақсы білім береді.  

РКС: Бұл жерде оқитындардың 80 проценті ауылдық жерлерден. Оларға барлық жағдай жасалған. Бәрі тегін. Ал барлық шығынды қазақстандық кәсіпкерлер көтереді. Сондай-ақ, олар оқушылармен кездесіп, түрлі жиын өткізеді. 

СНХ: ҒИБРАТ АУҒАНОВ, «САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА» АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ ҚОҒАММЕН БАЙЛАНЫС, ЕҢБЕК, ӘЛЕУМЕТТІК ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ ҚОРҒАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ:  Біздің ең бірінші мақсатымыз-«IQanat» мектебінде оқып жатқан Жаңаөзеннен келген 50 баланы көріп,жүздесіп. Олардың оқулары қалай өтіп жатқанын, жатақханаларын көру. Балалармен кездесіп, олардың жағдайымен танысу. Бұл ең алғашқы себептің бірі. 

РКС:Жобаның басты мақсаты-шалғай жатқан елді мекендерге білімді жастарды тарту. Яғни, оқушылар жоғары оқу орнын аяқтағаннан кейін туған өлкесіне оралып, сонда жұмыс істеуі тиіс. Бұл басты талап. 

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»