РСК: Облыс бойынша дарынды балаларды дамыту мен қолдауға ерекше ден қойылып отыр. Олардың көпшілігі өңір намысын республикалық және халықаралық деңгейде лайықты қорғап жүр.

 РКС: Дарынды балалар мен жастардың қабілетін анықтау, дамыту және оны қолдау жөніндегі аймақтық орталықта оқушылар интеллектуалды және шығармашылық сынды екі бағытта шыңдалады.    

СНХ: БАҚЫТ ҚОСҚҰЛОВА, АҚМОЛА ДАРЫНЫ» ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ АНЫҚТАУ ЖӘНЕ ТАЛАНТТЫ ЖАСТАРДЫ ҚОЛДАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРТАЛЫҚ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫОқу жылында облыстық деңгейде 43 байқау өткіздік, оған 3 мыңдай бала қатысты. "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында  ұйымдастырылған 17 байқауда бір мыңға тарта бала бақ сынады. Өңірде біздің болжамымыз бойынша 800-дей дарынды бала бар. 

РКС: Камилла Мұқатаева балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушісі. Қазіргі уақытта дипломдық жұмысының эскиздерін дайындау үстінде. Камилла облыстық, республикалық және халықаралық байқаулардың бірнеше дүркін жеңімпазы. Балалар мен жасөспірімдердің «Палитра-2021» бейнелеу және қолданбалы-қолөнер халықаралық 2-ші көрме-байқауына өзінің тырнақалды туындысын ұсыныпты.   

СНХ: КАМИЛЛА МҰҚАТАЕВА, БАЛАЛАР КӨРКЕМСУРЕТ МЕКТЕБІНІҢ ТӘРБИЕЛЕНУШІСІ: Мені киімнің дизайны мен сурет салу кішкентай кезімнен қызықтыратын десем де болады. Сондықтан, осы өнер мектебіне келгім келді. Қалалық, облыстық деңгейдегі, сонымен бірге халықаралық деңгейдегі түрлі байқауларға қатыстым. Мысалы, былтыр «Палитра-2021» онлайн-байқауына қатысып, менің салған суретім 2-ші дәрежелі дипломмен бағаланды. 

РКС: Жыл соңына дейін орталық екі бағыт бойынша 9-ға жуық іс-шара өткізуді жоспарлап отыр.  

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ДАНИЯР ЖҰМАҒҰЛОВ, АҚМОЛА АПТА.