ДК: Қоғамда бала тәрбиесіне ерекше ден қойылып отыр. Мектепке дейінгі білім беру мекемесінде істейтін тәрбиешілердің еңбегі мен әлеуметтік мәртебесі көтерілмек. Сондай-ақ, олардың табысын арттыру және жүктемені азайту міндеті  де басты назарда тұр.

РКС: Алдағы уақытта балабақша тәрбиешілері мен мектеп мұғалімдерінің жалақысы 25 процентке көтеріледі. Сондай-ақ ұстаздардың жүктемесін азайту да жоспарда бар. Тәрбиеші Еркежан Өркенбайдың мектепке дейінгі білім беру мекемесіндегі еңбек өтілі 10 жылдан асады. Ол соңғы жылдардағы оң өзгерістер отбасының әлеуметтік жағдайына оң әсер ете бастағанын айтады.  

СНХ: ЕРКЕЖАН ӨРКЕНБАЙ, ТӘРБИЕШІАлғашқы жұмысымды 2011 жылы бастадым.  Ол кезде жалақым 60-70мың маңайында болған. Қазір жылдан жылға көтеріліп, едәуір жақсарып келеді. Қуаныштымыз  Бұл тәрбиеші, педагогтерге қуантарлық жағдай. Себебі бұл еңбегіміздің бағаланып жатқаны.

РКС: Өңірде мектепке дейінгі білім беретін 608 ұйым бар. Оған 36 мыңнан астам бала барады. Мемлекет басшысының Жолдауын іске асыру аясында «Білімді ұлт 2021-2025» бағдарламасы әзірленді. Оған сәйкес мектепке дейінгі білім ұйымдарының санын арттыру,  шағын орталықтар мен жекеменшік балабақшаларды ашу жоспарланып отыр. / 

СНХ: ЖАНАР НАЗЫКЕНОВА, ОБЛЫСТЫҚ БІЛІМ БЕРУ БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Жыл соңына дейін 1240 орын ашу көзделген. Мектепке дейінгі 6 білім беру ұйымы ашылады. Сонымен бірге қазіргі таңда жұмыс істеп тұрған 7 балабақшаны кеңейту, мектепке дейінгі 10 білім беру ұйымын ясли-балабақшаға айналдыру жұмысы да аяқталмақ. Қазіргі уақытта 552 орынға шақталған 6 мекеме ашылды. 190 орындық  мектепке дейінгі 5 білім беру ұйымы кеңейтілсе, тағы екеуі ясли-балабақша етіп қайта жасақталды.  

РКС: Бұдан бөлек, облыс бойынша 1706 орынға шақталған 7 балабақшаның құрылысы жүріп жатыр. Олар Целиноград, Шортанды аудандарында және Көкшетау мен қалаға іргелес жатқан Нұрлы көш елдімекенінде орналаспақ. Қазіргі таңда өңірде 4 мыңға жуық тәрбиеші бар. Олардың жалақысын көтеруге биыл бюджеттен 3,8 млрд теңге бөлінді. Келер жылы еңбекақы тағыда 25 процентке көтеріледі. 

АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ