ДК: Облыстық мәслихаттың кезекті сессиясында өңір басшысы Ермек Маржықпаев 8 айды қорытындылап, жаңа жұмыс жоспарымен бөлісті. Жиында осы жылғы бюджет нақтыланды. Міндеттер қойылып, басымдықтар айқындалды. Сондай-ақ, Жолдау аясындағы атқарылатын жұмыстар пысықталды. Рет-ретімен Абзал Азаматұлы айтады.

РКС: Облыс бойынша 8 айдағы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер көңіл қуантады. Ақмола облысы республикада көш бастап тұр. Бұл туралы кешегі Үкімет отырысында белгілі болған. Өңір басшысы Ермек Маржықпаев атқарылған ілкімді істерге тоқталып қана қоймай, жаңа жобалармен де бөлісті. 

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ:  Жалпы 2025 жылға дейін 1,3 трилион теңгеге 304 жобаны асыру көзделген. Бұл шамамен 13 мың жұмыс орнын құруға септігін тигізеді. Соның 7 мыңы тұрақты.

РКС: Ақмола – астықты өлке. Олай деуге толық негіз бар. Себебі жыл сайын республика бойынша өндірілетін астықтың төрттен бір пайызы Ақмоланың үлесі. Өңір басшысы күзгі дала жұмыстарына жеке тоқталды. Айталық, бүгінге дейін 3,5 млн.гектар алқаптан дән жиналды. Сонымен қатар, облыс әкімі шарықтаған азық-түлік бағасына да екпін түсірді. Оған бірақатар азық-түлік бағасының өсуі себеп болған. Тек, қанттың өзі 81 процентке қымбаттаған. Десе де, қазіргі таңда шекер мәселе толығымен шешілді,-дейді әкім. 

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бағаны тұрақтандыру мақсатында қорға қосымша 1000 тонна қант сатып алынды. Бүгінде тұрғындар шекерді «көкше-маркет» және әлеуметтік 45 дүкеннен ала алады. Мәселе шешілді деп айтуға толық негіз бар. 

РКС: Сонымен қатар, әлеуметтік, денсаулық, білім мен мәдениет,  спорт салалары да қарқынды дамуда. Сессия барысында өңір басшысы әр салаға жеке тоқталды. Облыстық мәслихат депутаттары да өз салалары бойынша есеп берді.

СНХ: АЙНАГҮЛ БАЛТАШЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ ДЕПУТАТЫ: Өңірде ағымдағы жылдың басынан мектеп құрысылы жүргізілуде. Осының ішінде 14 мектептің құрылысы жалғасып жатыр. Жыл соңына дейін 6 мектеп пайдалануға беріледі. 

РКС: Бұл атқарылған жұмыстың тек парасы ғана.  Сондықтан босаңсуға болмайды. Облыс әкімінің ортақ ойы мен пікірі осыған саяды. Ал, жиынға қатысқан халық қалаулылары бұқара мен билік арасындағы алтын көпір іспетті. Айталық, осы жолғы сессияға облыстық мәслихаттың 29 депутаты қатысты. Өңір басшысы сөз соңында  барлығын бірлесе атқаратын істерде,  белсенділік танытуға шақырды.

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Құрметті депутаттар, сіздер халықтың осы мәселесін жергілікті жерде көрдіңіздер. Сондықтан бүгінгі алаңды пайдалана отырып, осы мәселеде  де белсенді болуларыңызды сұраймын. 

АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»