ДК: Көкшетау қаласы бойынша өнеркәсіптің нақты көлем индексі биыл 79,3 процентке жетті.  Облыс орталығында өңірдегі өнеркәсіп өндірісінің бестен бір бөлігі орналасқан. Облыстық мәслихаттың тұрақты комиссиясының отырысында Көкшетау қаласының индустриалды-инновациялық дамуының бүгінгі ахуалы мен оның болашағына қатысты мәселелер талқыланды.

РКС: Еліміздегі индустриалды-инновациялық даму бағдарламалары бойынша 2010-шы жылдан бастап Көкшетауда 80,3 миллиард теңгенің 33 жобасы жүзеге асырылған. Соның нәтижесінде 2 мыңға тарта жаңа жұмыс орны құрылды. 200-дей өнеркәсіп кәсіпорны жұмыс істеп тұр, оның 30-дан астамы ірілердің санатына жатады.  

СНХ: ГҮЛМИРА ШОҚАТОВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бағдарламалардың негізгі мақсаты қайта өңдеу өнеркәсібінің бәсекеге қабілеттілігін ынталандыруға екпін түсіруге бағытталған.  

РКС: Шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту мәселесі де комиссия отырысында жан-жақты талқыланды. Бүгінгі күні облыс орталығында 20 мыңнан астам бизнес субьектісі тіркелген, соның 18 мыңдайы ғана жұмыс істеп тұр. 

СНХ: МҰРАТ ШӘМШІНҰРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МӘСЛИХАТТЫҢ АЙМАҚТАҒЫ НАҚТЫ СЕКТОРДЫ ДАМЫТУ МЕН ЗАҢДЫЛЫҒЫ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ТҰРАҚТЫ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Депутаттар осы саладағы өткір мәселелерді көтеріп отыр, оларды шешуге болады. Бірқатар басқарма басшыларын шақырдық, олар өз қызметінде аталған мәселелермен айналысады әрі қосымша инвестиция тарта алады. Бұл дегеніміз қосымша жұмыс орындарының ашылуына септігін тигізбек. Біздің өңірде нарықта сұранысқа ие өнімдер шығаруға да мүмкіндік туады.  

РКС: Отырыс соңында өнеркәсіп өнімін өндірудің нақты көлемін толық қамтамасыз ету туралы ұсыныс айтылды. Сонымен қатар жүзеге асырылатын инвестициялық жобаларды уақытылы қолданысқа енгізуді бақылауда ұстау қажеттігі де басты назарда болмақ.  

НҰРСҰЛУ НУРКИНА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.