РКС: Ақмола облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы бұл турнирді  осымен екінші рет өткізіп отыр. Биылғы жарысқа 6 ұжым қатысуда. Әр команда 7 адамнан жасақталған. Ақмола облысының этномәдени бірлестіктерінің жастары мен «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысының белсенділері бұл жарысқа әр жыл сайын қатысып тұрады. Сайыстың басты мақсаты - жас жұмыскерлер арасында салауатты өмір салтын ұстанатындардың қатарын арттыру. Сондай-ақ спортқа деген қызығушылықтарын ояту.

СНХ:УМАР ШОНАЗАРОВ, ЖАРЫСТЫҢ ҰЙЫМДАСТЫРУШЫСЫ /// Турнирдің мақсаты - жас жұмыскерлердің арасында саламатты өмір салтын ұстанатындардың қатарын арттыру. Жарысты біз 1 мамыр - Бірлік күніне орай өткізіп жатырмыз.  Сайысқа 6 команда қатысуда. Олар облысымыздың әр ауданынан келген мықты  спортшылар. Мұнда ЛЛФ лигасының тәжірибелі ойыншылары да бар.

РКС: Бірінші боп «Центральная» және Қазақстан халқы Ақмола Ассамблеясының  командалары күш сынасты. Алғашқы минуттардан-ақ «Центральная» командасының ойыншылары қарсылас команданың қақпасына  қарқынды шабуылдады. Дегенмен, Ассамблея қорғаушыларының қорғанысынан  өте алмады. Ойынның 6 минутында «Центральная» командасының ойыншылары гол соғып, есеп ашты. Көп ұзамай Ақмола Ассамблеясының ойыншылары да есе қайтарып, есепті теңестірді. Бұл командалардың кездесуі ассамблея ұжымының пайдасына шешілді.    

СНХ: АРМАН ҚАЙЫРЖАНОВ, «ААНК» КОМАНДАСЫНЫҢ КАПИТАНЫ ///Бірінші боп біз «Центральная» құрамасымен ойнадық. Оларды біз 5-3 есебімен жеңдік. Ойын өте тартысты өтті. Қарсыластарымыз бұл тунирге жақсы дайындалып келгендері көрініп тұр. Келесі кездесуімізде біз «Айбын» құрамасымен сайысатын боламыз. Оларды да жеңу үшін барымызды салатын боламыз.            

РКС: Келесі болып «Самұрық» пен  «Жаңғыру жолы» командалары сайысты. Кездесудің алғашқы минуттарынан-ақ  ойын тізгінін қолға алған самұрықтықтар бірден  шабуылға көшіп, қарсыластарының қақпасына доп дарытты. Қарқындарын үдеткен «Самұрықтың» ойыншылары мұнымен тоқтап қалмады. Голдың артынан гол соғып, есепті  6-да 0-ге жеткізді. Осылайша, «Самұрық» командасының 1-ші кездесуі олар үшін сәтті аяқталды. Турнир соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды. Ал жеңіске жеткен командаға Ассамблеяның кубогы бұйырды.     

АСХАТ ҒАЛИАСҚАРОВ