РКС: Республикалық жарыс Текелі қаласында дәстүрлі түрде ұйымдастырылып тұрады. Биылғы жарысқа еліміздің әр аймағынан 600-ге тарта ауыр атлетшілер қатысқан. Жасөспірімдер арасында өткен бәсеке Ақмола облысы үшін олжалы болды.
СНХ: АСЫЛЖАН ӘЛМЕРДЕНОВ, ЖАТТЫҚТЫРУШЫ /// Біздің «Бурабай» спорт мектебінен 3 спортшы іріктеу сынынан өтіп,Қазақстан Республикасының чемпионы атанды. Қазіргі таңда Алматыда өтетін оқу-жаттығу жиынына дайындалып жатыр. Қазақстанның бүкіл аймағынан 600-дей спортшы қатысты. Соның ішінде 4 алтын,3 қола медаль және екі күміс медальға ие болдық.
РКС: Айта кетейік, шаһарда зілдей темірді жанына серік еткен спортшылар жетерлік. Яғни, пауэрлифтингтің қарқыны жоғары. Бапкерлер осылай,-дейді. Олар осы шағын жаттығу залында жаттығады. Бірнеше чемпионды түлеткен де осы аядай ғана зал. Диас Шәкерхан болса, жарыстан қола медальді еншілеп қайтқан спортшылардың бірі. Пауэрлифтингпен айналысқанына 2 жыл болса да, бірнеше жарыстың жүлдегері атанып үлгерген.
СНХ: ДИАС ШӘКЕРХАН, ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕР /// Пауэрлифтингпен айналысқаныма екі жыл болды. Өзім кішкентай кезімде ағаларыммен барып жаттықанмын.Сосын осы спортқа деген көзқарасым бірден ашылды.Сөйтіп жарыстарға барып орын алып жүрміз. Мен өзім 59 кг дәрежесінде қатыстым.Алда мақсаттар көп соған енді бейімделеміз.
РКС: Республикалық турнирден енді келген спортшылар Азия чемпионатына дайындық үстінде. Себебі, сәуір айының соңына қарай ұлттық құрама бірігіп, Ганконгта өтетін бәсекеде бақ сынамақ.
МАҚСАТ БОЛАТҰЛЫ