ДИКТОР: Қазақстанда тамыздың үшінші жексенбісінде спорт күні аталып өтеді. Кәсіби мереке аясында өңірде салтанатты іс-шара өтті. Онда спортты дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін 25 адам облыс әкімінің марапатына ие болды.

РКС: Намысты қолдан бермей, еліміздің туын көкке желбіретіп жүрген спортшылардың еңбегін ұлықтау маңызды. Спорт- мемлекеттің мәртебесін айқындайды. Сондықтан өз өмірін осы салаға арнаған жандарға әрдайым қолдау көрсету қажет. Бүгінде қазақ елінің әнұранын шалықтатып, ел абыройын асқақтатып жүрген ақмолалық спортшылар жеткілікті. Дәл осы өңір мақтаныштарын салтанатты шарада аймақ басшысы Ермек Маржықпаев құттықтады.   

СНХ: ЕРМЕК МАРЖЫҚПАЕВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Сіздерді тамыздың үшінші жексенбісінде аталып өтетін тамаша мереке, спорт күнімен шын жүректен құттықтаймын! Бұл спортшылармен осы салада еңбек ететін, салауатты өмір салтын ұстанушылардың, дене шынықтыру мен спортты жақсы көретін жандардың мейрамы. 

РКС: Шара барысында өңірдегі спортты дамытуға үлес қосып, осы салада еңбек етіп жүргендер «Құрметті спорт қызметкері» төсбелгісімен, облыс әкімінің және Мәдениет және Спорт министрінің алғыс хаттарымен марапатталды.

ИНТЕРШУМ: Марапаттау сәті

РКС: Еңбегі еленгендердің қатарында Мұхит Жанғожин да бар. Ол облыстық джуи-джитсу федерациясының президенті.  Осы салада қызмет етіп жүргеніне 20 жылдан асқан.

СНХ: МҰХИТ ЖАНҒОЖИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЖУИ-ДЖИТСУ ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  Мен осы салада 2001 жылдан бері жүрмін. Қаншама бала тәрбиеледім. Азия, әлем чемпиондары, ел біріншілігінен үздік шыққан спортшылар бар. +скл+ Бізде облыс бойынша 700-ге жуық бала дайындалады. Яғни, біздің секцияларымыз Целиноград, Есіл аудандары мен Шучинск, Көкшетау қалаларында бар. Жақсы нәтиже көрсетіп жатырмыз. Қолдан келгенше тырысамыз.

РКС:Сондай-ақ, шара аясында республикалық «Tartyl fest» турникке тартылу фестивалі өтті. Оған өңірдегі аудан-қалалардан жиналған 300-ге жуық жас спортшы  қатысты. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйытқы болған сайыста үздіктер іріктеліп, облыс құрамасына алынады. Әрі қарай олар елордада өтетін республикалық жарыста бақ сынамақ.

ИНТЕРШУМ: Жарыс   

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»