ДК:  Медициналық сақтандыруға төлем енгізудің балама жүйелері пайда болды. Ол қыркүйек айында іске қосылады. Бастысы, халықты медициналық сақтандыру жүйесіне қатысуға ықпалын тигізеді.

РКС: Өңірде халықты медициналық сақтандыру жүйесімен қамту жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша 700 мыңға жуық адам медициналық жүйеде сақтандырылған. Қазақстанда медициналық сақтандыру 2020 жылдан бері жұмыс істеуде, бірақ  облыс бойынша 150 мыңнан астамы әлі де сақтандырылмаған.

СНХ: ӘЛИЯ ЖҮСІПОВА, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Соңғы 12 айда сақтандырылмағандардың ішінде 95 мыңға жуық адам сыйлықақы төлемеген. +++ 05:03-05:17 Оның ішінде негізінен 38-44 жас аралығындағы адамдар. Олар бейресми жұмыс істейді және төлем жасамайды. Арасында жұмыссыз азаматтар да бар, оларға төленетін жарнаны мемлекет төлейді, ол үшін алдымен Жұмыспен қамту орталығына ресми тіркелу қажет.

РКС: Биыл тәуелсіз төлем енгізушілер бір жыл бұрын медициналық сақтандыру жүйесінде өздерін енгізе алады. Төлем арқылы азаматтар жыл бойы сақтандыру тізіміндегі медициналық көмекке қол жеткізе алады.

СНХ: ӘЛИЯ ЖҮСІПОВА, ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Өтініштерді талдау барысында, жұмыссыздар мен өзін-өзі жұмыспен қамтығандар өткен кезең үшін жарна төлеуге мүдделі емес. Сондықтан олар үшін медициналық сақтандыру жүйесіне қатысудың балама нұсқасы әзірленді. Ол алдағы 12 айға төлеуге мүмкіндік береді.

РКС: Алдағы уақытта жүйеге тіркелмеген халықтың 30 проценті жаңа төлем механизімімен қамтылып, оларға сақтандыру жүйесі арқылы медициналық көмек көрсетіледі деп жоспарлданып отыр.

АИДА ХАМИТОВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.