Диктор кадрда: Облыс аумағында 145 мыңнан аса азамат міндетті медициналық сақтандырумен қамтылмаған. Оның 65 проценті соңғы жылда жарнаны мүлдем төлемеген. Енді міндетті медициналық сақтандыру жарналарын төлеу механизмі ыңғайлы бола түспек. Қыркүйек айынан бастап қазақстандықтар медициналық сақтандыру қорына қаржыны бір жылға ерте төлеуге мүмкіндік алады.
РКС: Жаңа механизмді міндетті медициналық жарна бойынша қарызы жоқ азаматтар пайдалана алады. Ең бастысы бұған дейін міндетті медициналық сақтандыру қорына қарызы болмауы керек. Жаңа механизмді сақтандырылмаған тұрғындардың 30 проценті пайдалануы мүмкін деген болжам бар.
СНХ: ӘЛИЯ ЖҮСІПОВА, МІНДЕТТІ ӘЛЕУМЕТТІК МЕДИЦИНАЛЫҚ САҚТАНДЫРУ ҚОРЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Медициналық сақтандыру қорына қаржы аудармаған 65 проценттің 19,6 проценті азаматтық-құқықтық акт негізінде келісім шартпен еңбек етіп жатқандар, 7,9 проценті жалдамалы еңбеккерлер, яғни маусым бойынша жұмыс істейтіндер, олардың еңбекақылары қолма-қол төленеді. Қалған 2 процент өзін-өзі еңбекпен қамтығандар.
РКС: Медициналық сақтандыруға тәуелсіз төлеушілер үшін жарна аударудың екі нұсқасы бар, бірі тәуелсіз төлеуші ретінде жарна енгізу немесе бірыңғай жиынтық төлем төлеу, -дейді сарапшылар.
ГРАФИКА МӘТІНІ: Бірыңғай жиынтық төлем сомасын қорлар арасында бөлу былайша жүзеге асуда: 30%- жинақталған зейнетақы қаражатына, 40% -медициналық сақтандыруға, 20%-әлеуметтік сақтандыру қорына, 10%-тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыс салығын төлеу.
ҚАРЖЫНЫ ҚОРЛАР АРАСЫНДА БӨЛУ:
30% - зейнетақы қорына;
40% - медициналық сақтандыруға;
20% - әлеуметтік сақтандыру қорына;
10% - тіркелген жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына табыс салығын төлеуге
РКС: Қыркүйек айынан бастап міндетті медициналық сақтандыру туралы заңға енгізілген өзгерістер күшіне енеді. Бұл ретте тәуелсіз төлеушілер ай сайын міндетті медициналық сақтандыру жарналарын әрі қарай да төлей береді.
М.АЙБАБИНА, ЗАРИНА БЕКҚАЛИЕВА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КОКШЕ АКПАРАТ.