ДК: Дипломмен – ауылға. 2009 жылы басталған игілікті жобаның жемісін көрген жастар қатары жыл санап артып келеді. 7 айдың өзінде 401 жас маманға 123 млн.теңге шамасында көтерме жәрдемақы төленген. Сондай-ақ, 162 маманға тұрғын үй сатып алу үшін 730 млн.теңге бағытталыпты.  Бұл тек биылғы көрсеткіш. Ал, осыған дейін де бағдарлама аясында жұмысқа тұрып, қызметін дөңгеліп отырғандар жетіп артылады. Солардың бірімен әріптесім Абзал Азаматұлы кездесіп қайтты.

РКС:  Жобаның жемісін көрген жанның бірі – Назерке Қалауова. Жас маман қазіргі уақытта Красный Яр ауылындағы №3 көпсалалы мектеп-гимназиясында еңбек етеді.  Болашағын ұстаздық жолмен байланыстырған кейіпкеріміз ойланбастан осы жобаға жүгінеді. Бағдарлама аясында баспана мен бір реттік төленетін жәрдемақы да алғанын айтады.

СНХ:НАЗЕРКЕ ҚАЛАУОВА, ЖАС МАМАН:   «Дипломмен - ауылға» бағдарламасы жастар үшін үлкен бастама деп айтуға болады. Яғни біздің өсуімізге қолдау танытты. Ең бірінші тұрғылықты баспана берді. Бір реттік төленетін қаржы бар. Бұл қызметті енді бастаған жастар үшін үлкен мүмкіндік екенін атап өткім келеді. Мен де осы мүмкіндіктерді пайдаланып, жобаның жемісін көрген жанның бірімін.

РКС: Айталық, былтырдан бастап көтерме жәрдемақы 100 айлық есептік көрсеткіш көлеміне дейін ұлғайтылды. Ал баспана сатып алуға немесе тұрғын үй салуға 1500 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ең төменгі жылдық сыйақымен 15 жылға  бюджеттік несие беріледі.

СНХ: АЗАМАТ БАЙҚУАНЫШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ БЮДЖЕТТІК ЖОСПАРЛАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:  Бағдарлама басталғалы облыс бойынша 1,1 млрд.теңгеге 6 295 көтерме жәрдемақы рәсімделді. Сондай-ақ, баспана алуға 10,5 млрд.теңгеге 3 303 бюджеттік кредит берілді. Көрсетілетін әлеуметтік қолдау шараларының 75 проценті білім беру саласына, 18-і денсаулық сақтау саласына және 7 проценті қалған санаттарға тиесілі.

РКС: Игілікті жоба аймақтағы кадр тапшылығының қысқаруына да едәуір әсер етуде. Сондай-ақ, жас мамандардың аяққа тұрып кетуіне септігі мол.


АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»