ДИКТОР: Шалғай жатқан елді мекендерде медицина сапасын жақсарту қажет. Бүгінде бұл бағытта бірқатар шара қолға алынған. Биылдың өзінде ауыл-аймақтарда 30-дан астам мекеме салынып жатыр. 12 нысанның құжаттары дайындалды. Жақында құрылыс басталады. Сондай-ақ, бүгінде өңірде 10-нан астам жылжымалы медициналық кешен жұмыс істейді.

РКС: Бүгінде өңірде 500-ден астам медициналық мекеме бар. Онда 800 мыңға жуық адам тіркелген. Оның тең жартысы ауыл тұрғындары. Бүгінде барлығына бірдей сапалы көмек беру маңызды. Алайда, кей емханалардың материалдық-техникалық базасы көңіл көншітпейді. Мәселен көбінде скрининг жасайтын құрал-жабдықтар жоқ. 

СНХ: НАРИМАН СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Сандықтау, Жарқайың аудандары мен Степногорск, Көкшетау, Қосшы қалалары скринингпен толық қамтылмаған. Бұл мәселе өзекті. Оны шешу қажет. Сондай-ақ, халықты дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету проблемасы да бар. Биыл 8 миллиард теңгеге тегін препараттарды сатып алу жоспарланған. Бүгінде ауыл-аймақтарда   100 пункт бар. Онда дәрі-дәрмек тегін беріледі.

РКС: Ауыл-аймақтарда дәрігер тапшы. Салдарынан қынжылған халық сапалы медициналық көмек алу үшін ірі қалаларға баруға мәжбүр. Қазіргі уақытта шалғай жатқан елді мекендерде еңбек етемін дейтіндер аз. Сондықтан  мамандарды тарту мәселесі өзекті. Бүгінде бұл проблеманы шешу бағытында бірқатар шара қолға алынған. Солардың бірі-«Дипломмен ауылға» бағдарламасы. Бастама аясында 300-ге жуық жас маман көтермеақы алған. Тұрғын үй сатып аламын дейтіндерге де шектеу жоқ. Жеңілдетілген несие беріліп, барлық жағдай жасалады.

СНХ:  НАРИМАН СЫЗДЫҚОВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ:  Соңғы екі жылда дәрігер тапшылығы 1,5 есеге қысқарды. Ауылдық жерге жұмысқа тұрған 35 жас маманға 1 миллион теңге көлемінде көтермеақы төледік. 100-ден астам медицина қызметкері баспаналы болды. 150-ге жуық дәрігерге үй сатып алу үшін жеңілдетілген несие берілді. Сондай-ақ, білім аламын дейтін жастарға да қолдау бар. Біз жыл сайын резидентураға 35, бакалавриатқа 50 грант бөлеміз. 

РКС: Шалғай жатқан елді мекендердегі медициналық нысандардың сапасы көңіл көншітпейді. Бұл мәселе бұрыннан өзекті. Осыған орай былтыр арнайы комиссия құрылды.  Оның мүшелері ауыл-аймақтарды аралап, емханалардың жағдайымен танысқан. Нәтижесінде мекемелердің 70 проценті сапалы медициналық  көмек көрсетуге жарамсыз екені анықталды. Алайда, бүгінде барлығын бірден жөндеуден өткізу мүмкін емес. Оған қомақты қаражат қажет. Сондықтан, жағдайды біртіндеп жақсарту керек,-дейді сала мамандары.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»