ДК: Референдум қазақстандықтар үшін жат құбылыс емес. Мұндай жалпыхалықтық дауыс беру көбінесе Батыс, Еуропа дамыған елдерінде жиі өткізіліп келген. Қазақстанда алғаш рет 1995 жылы 30 тамызда жалпыхалықтық референдум өткізілген.
РКС: 1995 жылдың 30-тамызы тәуелсіз Қазақстанның тарихында алтын әріптермен жазылған күн. 27 жыл ішінде Ата Заңымызға 4 рет түзетулер мен толықтырулар енгізілген.
СНХ: АМАНАЙ СЕЙІТҚАСЫМОВ, ТАРИХ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ПРОФЕССОР: Бүкілхалықтық референдум бірінші рет 1995 жылы 29-сәуірде өтті. Күн тәртібінде тек бір сұрақ қаралды. Ол сол кездегі Президенттің өкілеттігін сіз 2000 жылғы 1-желтоқсанға дейін ұзартуға қарсы емессіз бе? деген сұрақ болатын. Тарихта белгілі халықтың 95 пайызы қатысып, сол уақыттағы Президентіміз 91 пайызбен басымдық алған болатын. Екінші референдум соның алдында қабылданған конститутцияға қатысты болды. Сол жылы 1995 жылы 30-тамызда өткізілген. Ондағы сұрақ: «Осы жаңа Конституцияны сіз жақтайсыз ба, жақтамайсыз ба?» делінген. Халықтың 91 пайызы қатысып, 90 пайызға жуық Қазақстандық Конститутцияны қолдап дауыс берген болатын.
РКС: Мемлекеттің барлық басқа заңдары оның қағидаларына барынша сәйкестендіріле отырып қабылданады. Ал маңызды мемлекеттік мәселелер жалпыхалықтық дауыс беру арқылы жүзеге асырылады.
СНХ: ӘСЕЛ АСҚАРОВА, №2 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙІ ТАРИХ ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ: Референдум латын тілінен аударғанда – хабарлануға тиісті деген мағынаны білдіреді. Яғни мемлекеттік маңызы бар мәселені жалпыхалықтық дауысқа салу. Мұндай демократиялық институт алғаш рет Швейцария тарихында қолданылған. Референдумға заң немесе халықаралық шарт жобасы басқару сипатындағы мәселелер ұсынылады.
РКС: Конституция осы заманғы мемлекеттіліктің маңызды белгісі, сол елдің бастапқы саяси және құқықтық құжаты болып табылады. Ең алғаш Ата Заң Америка Құрама Штаттарында қабылданған. Кейін Франция мемлекттік заңнамасын бекіткен. Қазақстан Республикасының Конституциясы Еуропа елдерінен кейін жасалған. Араға 27 жыл салып, дәл бүгін Ата Заңның 33 бабына 56 өзгерту мен түзетулер енгізілмек.
ЕРЗАТ СМАҒҰЛОВ, ӘМІР ҚОЙШЫБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ