ДК:10 жасарӘділет Әскербектің анасы ұлының еміне қажетті қаражатты жинау үшін халықтан көмек сұрайды. Бүлдіршінге остеосаркома, яғни сүйектің қатерлі ісігі диагнозы қойылған. Қазір анасы мен баласы Түркияның Стамбул қаласында ем алып жатыр.
РКС:Әділет Әскербекке 1 ай бұрын «Остеосаркома» дейтін қатерлі ісік диагнозы қойылған. Сүйек тінінен пайда болған аурумен күрескен бүлдіршіннің еміне 90 мың доллар қаражат керек. Мұндай жағдайда уақыт өткізбей шұғыл түрде хирургиялық операция арқылы ісікті алып тастау қажет.
СНХ: ЖАННА ТЕМІРОВА, ӘДІЛЕТТІҢ АНАСЫ: Бүгінде біз Түркияның Стамбул қаласында Адживадем Маслак клиникасында ем алып жатырмыз. Балам химияның бірінші курсының үшінші күнін алып жатыр. Бұл клиникадағы дәрігер Харзем Озгер баламның толық аяққа тұрып кетуіне мүмкіндік үлкен деп айтып отыр. Бізге химиятерапияның бағасы айтылды,ол өте үлкен сомма біз үшін.
РКС:Әділеттің ата-анасы «Қазақстан Халқына» қорына хабарласып, көмек сұраған. Қордан мынадай жауап келген: Сіздің өтінішіңізді мұқият зерттедік. Алайда, өкінішке орай, біз келісім бере алмаймыз. Себебі мұндай көмек мемлекеттік кепілдіктер аясында көрсетіледі» деп жазылған. Әділеттің тезірек жазылып кетуі үшін отбасы да күндіз-түні дұға тілеп отыр. Қаржыны толық жинау үшін өздері де қамданып жатыр. Алайда аталған соманы жинау үшін көптің көмегі керек.
СНХ: ДАНАГҮЛ ТАЛҒАТҚЫЗЫ, ӘДІЛЕТТІҢ ӘПКЕСІ: Дәрігерлердің қорытындысы бойынша менің інім ешқандай протезсіз біздің елімізге өз аяғымен келу мүмкіндігі зор. Алайда мұның барлығы ақшаға келіп тіреледі. Ініме 5 химиятерапия өтіп және ота жасату қажет. 5 химиятерапияның жалпы бағасы 90000 долларды құрайды. Біз үшін өте үлкен қомақты қаражат.Отаның бағасы 2 курс химиятерапиядан кейін белгілі болады. Әділетіміздің менің бауырымның осы дерттен құтылып, үйге өз аяғымен келетініне мен кәміл сенемін.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ШЫНАР НҰРКЕШҚЫЗЫ, ӘДІЛЕТТІҢ ӘЖЕСІ: Бір айдан бері міне біздің баламыздың дертке шалдыққаннан бері өте көп қайғы жұтып жүрміз. Бүкіл туған туыстары. Сондықтан қайрымды жандардан тілейтінім менің кішкентай ғана балапаныма көмек көрсету. Қолдауларыңызды сұраймын, жұмыла көтерген жүк жеңіл деп, баршаларыңызға көмек сұрауға өтініп отырмын.Менің балам небәрі 10 жаста ғой. Келешегі алда, сондықтан көмектесіңіздер. Қолдан келгенше.
РКС: Егер көмек қолын созамын десеңіз, экранда көрсетілеген есепшоттарға қаржылай көмек аудара аласыз. Немесе байланыс нөмірлеріне хабарласуыңызға болады.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ