ДК: Ауыл атауынан бастап ас мәзіріне дейін қазақ тілінде болуы керек. Парламент Мәжілісінде «ҚР кейбір заңнамалық актілеріне көрнекі ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды. Толығырақ тілшіміз Жансұлу Жиенқұлдың материалында.
РКС: Заң жобасының мақсаты – сыртқы жарнамалар мен әртүрлі маңдайшалардағы ақпараттардың мемлекетік тілде дұрыс жазылуы. Бұдан бөлек, географиялық нысандардың, хабарландыру мен мемлекеттік емес ұйымдардың балнкілері мен мағдайыншаларындағы сөздерді қатесіз жазуға мән берілмек.
СНХ: БЕРІК ӘБДІҒАЛИ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ: Халық денсаулығы кодексіне дәрілік заттар мен медициналық бұйымдар нұсқаулықтарының, таңбалаудың, стикерлердің барлық мәтіні Тілдер туралы заң талаптарына сәйкес, түпнұсқалық мағынасы мен орфографияны сақтай отырып, жазу жөнінде толықтырулар енгізілді. Дегенмен бірқатар ұсыныстар әлі пысықталып жатыр. Оларды мемлекеттік тілге байланысты бөлек заң жобасын дайындап, сол жерде кең көлемде көздеуді ұйғардық.
СНХ: АЙГҮЛ ТАЛПАҚОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӘНЕ ОНОМАСТИКА БӨЛІМІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ: Мемлекеттік тілдің мәселесі әр азаматты алаңдатады. Көрнекі ақпаратқа қатысты Заң жобасына өзгерістер енгізілді. Тіл мәселесінде көптеген жақсы нәтижелерге қол деткізуге болады. Атап айтатын болсақ, алдағы уақытта елдімекендердің атауы, тарихи атаулары қазақ тілінде жазылатын болады. Олқылықтар болмайды. Мемлекетті емес ұйымдардың маңдайшалары қазақ тілінде жазылатын болады.
РКС: Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының айтуынша, бұл түзетулер қоғамда, бұқаралық ақпарат құралдарында, әлеуметтік желілерде жиі көтеріліп жүрген қазақ тілінің мәртебесі мәселелерін шешуге бір қадам жақындатады. Осы ұсыныстар әрбір азаматтың, әсіресе, кәсіпкерлердің жауапкершілігін күшейтпек.
ЖАНСҰЛУ ЖИЕНҚҰЛ, КӨКШЕ АҚПАРАТ