ДИКТОР: Әр шаңырақтың дастарханынан табылатын ас атасының қымбаттауы алаңдаушылық тудыруда. Нақтырақ айтсақ, Көкшетау қаласының тұрғындары осыдан бір апта бұрын «Ақсай нан» өнімдері бағасының күрт өсуіне алаңдай бастаса енді қаладағы дүкен сөрелерінде баға шарықтап кетті. Құны негізсіз көтерілген бөлке наны бір дүкенде 168 теңгеден сатылса, енді бірінде 175 теңге деп тұр. Бұл бұрынғы бағамен салыстырғанда 5-10 пайызға жоғары. Ал, әлеуметтік маңызы бар өнімдердің құны тұрақты болуы - шарт.
РКС: Бөлке нан құны 10-теңгеге қымбат саудаланып жатыр.1келі ұнның бағасы 50 теңгеге қымбаттаған. Ал, қарапайым халық қымбатшылықтың нағыз бидай орағы біткен шақта орын алғанын түсіне алмай отыр.
БЛИЦ:
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Нан бағасының қымбаттауына қарсымын. Біздің елімізде жағдайы нашар отбасылар, көпбалалы отбасылар бар. Олар қалай күн көреді? Бидай өзімізден шығады. Қаншама тонна астық шетелге экспортталады. Сөйтіп, алады да нан қымбаттайды.
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Мен бұл дүкеннен қара нанды ылғи 140 теңгеден алатын едім. Қазір 165 теңге болып көтеріліпті. Астық қымбаттады. Басқа да азық-түлік түрлерінің бағасы көтеріліп жатыр. Теледидардан тұрақтандыру баға бақылауда, ештеңе қымбаттамайды деп уәде береді. Бірақ іс жүзінде нан қымбаттады. Қарапайым халық үшін бұл өте қиын.
КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Халық ең соңғы ақшасы қалса да азық-түлік алады. Нан, ұн, май, ет- бірінші қажеттілік.
РКС: Қазіргі уақытта мемлекет мониторинг жүргізіп,1-сұрыпты нанның бағасы реттеледі деп уәде беруде жауаптылар. Нан-тоқаш өнімдерінің барлық түрлерінің ішінен бұл тізімге формалы бидай наны енгізілген.
СНХ: ЖАСҰЛАН АЙДРАХМАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ПЕН ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫ ЖЕТЕКШІСІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Шынымен де,Көкшетау қаласының нарығында жекелеген өндірушілердің нан бағасының өсуі байқалады. Мысалы, "Ақсай нан". Бұл кәсіпорында алғашқы өндірістің наны алынып тасталғанын түсіндіру қажет. Қалай болғанда да, облыс әкімдігі мен біздің басқарма жағдайды тұрақтандыру бойынша шаралар қабылдауда. Тұрақтандыру қорынан нан жеткізу жұмыстары жолға қойылған.
РКС: Сонымен қатар, макарон өнімдерінің де бағасы өсті. Тамыз айынан бастап макарон өнімдерінің өсімі 1,3 пайызды құрады.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, КӨКШЕ АҚПАРА