ДИКТОР: Көкшетауға гастролдік сапармен келген Мұхтар Әуезов атындағы қазақ ұлттық драма театры дарабоз ақын Мағжан Жұмабаевтың өмірінен сыр шертетін «Жүз жылдық махаббат» пьесасын сахналады. Бұл туындының авторы - жазушы Дулат Исабеков.
РКС: Қойылым заманынан озып туған,соңына өшпес рухани мол мұра қалдырған,көрнекті ақын, Алаш арысы Мағжан Жұмабаевтың рухына арналады. Шығарманың басты кейіпкері Мағжан қылышынан қаны тамған жылдары сталиндік қуғын-сүргінге ұшырап небәрі 44 жыл ғұмырының 10 жылын тар қапаста өткізеді. Халық жауы атанған ақынның қасіретті тағдыры аяулы жары Зылиханың естелігі арқылы беріледі. Оның рөлін Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Дария Жүсіп сомдады.
СНХ:. ДӘРИЯ ЖҮСІП, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ҚАЙРАТКЕРІ: Бұл жерде махаббаттан да басқа үлкен мәселелер қазғалады. Терең проблемалар көтеріледі. 37 жыл репрессия жылдары ұлы ақын жазушылардың әйелдерінің басынан өткен азапты жылдары бейнеленеді. Бүгінгі жастарға тарихи мәліметтер көп беріледі. Тарихи фактілер бар.Соның бәрін осы бір қойылымға енгізгендей болды.
РКС:Спектаклде ақынның жастық шағы,албырт сезімі ерекше бейнеленеді. Жарының рухымен тілдескен қайсар әйел қазақтың маңдайына бүгінгідей жарқын күн туғанын баяндайды. Туындының режиссері Алма Кәкішова сахна көрінісіне ерекше мән берілген. Сұлулық пен махаббаттың жалынды жыршысы Мағжан рөлін жас актер Алмас Шаяхметов жеткізді.
СНХ: АЛМАС ШАЯХМЕТОВ, М.ӘУЕЗОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ДРАМА ТЕАТРЫНЫҢ АКТЕРІ: Мағжандай атамызды сомдау мен үшін үлкен мәртебе. Себебі ол екінің бірінің басына беріле бермейтін бақыт.Алаштын алыбы Мағжандай атамыздың өлеңдерін оқысаныз да бойыныз шымырлайды. Мен жастарға сенемін деп бір-ақ ауыз сөзбен көп нәрсені айтып кеткен. Оның өмірі өте қиын болған+слк+03:03 Осы Мағжан атамның ең болмаса бір дүниесін алып шығайыншы сахнаға деген мақсат қойдым. Мен оның жалындаған жастық шағын алып шығу үшін көп іздендім. Мағжан атамыз туралы кітаптар оқыдым.
СНХ: МӨЛДІР ДЕМЕУОВА,КӨРЕРМЕН: Жүз жылдық махаббат қойылымы бізге өте қатты ұнады. Зылиха апайдың Мағжанға деген махаббаты өте ерекше ғой. Қойылым махаббатқа деген адалдықты суреттеді. Өте бір ерекше әсерде болып шықтық.
РКС:Өмір бойы Мағжан рухын ардақтап,өзінің соңғы демі біткенше ұлы ақын жырларының кейінгі ұрпаққа жетуіне бар күш-жігерін салған Зылиханың ұлы махаббаты –кейінгі сан ұрпаққа өнеге болып қалмақ.
САЛТАНАТ СӘРСЕМБАЙҚЫЗЫ,ДАРХАН МҮЖІБАЕВ,КӨКШЕ АҚПАРАТ