ДК: Ауғанстандағы қандастардың бір бөлігі Ақмола облысына жеткізілді. Барлығы 35 адам. Яғни, 4 отбасы. Алыстан келген қандастар қайда қоныстанады? Оларды кімдер күтіп алды? Егжей-тегжейлі әріптесім Абзал Азаматұлы айтады.

STAND-UP: АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ТІЛШІ: Біз дәл қазір Көкшетау теміржол вокзалында тұрмыз. Санаулы минуттардан кейін дәл осы бірінші бағытқа Алматы-Петропавл бағытындағы поезд келіп тоқтайды. Ол поезда Ауғанстан елінен оралған этникалық 4 қазақ жанұясы бар. Айталық, 4 отбасының бірі осы облыс орталығына шоғырланса, қалғандары облыс аумағындағы аудандарға орналастырылмақ.

СНХ: ХАСАН МҰХАМЕД, ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ: Біріншіден біздің атамекенге келуге жағдай жасаған құрметті Президентке өте рахмет. Бізге көмектесіп жатқан бар ағайынға да рахмет. Көп ағайындар бізбен Алматыдан Көкшетауға бірге келді. Сау болсын, аман болсын.

РКС: Ауғанстандағы арпалыстан қандастар елге оралып жатыр. Соның бір шоғыры Ақмола облысына келіп қоныстанды. Бір отбасына Көкшетаудан, қалғандарына Бурабай, Сандықтау, Атбасар аудандарынан баспана берілді. Сондай-ақ, бір реттік берілетін әлеуметтік көмек те қарастырылған.

СНХ: ҚУАНЫШ ӨМІРЗАҚ, АТБАСАР АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Үйде барлық жағдай қарастырылған. Мебель барлығы бар.+скл+Қандастарды тұрақты жұмысқа орналастырамыз. Балаларын Мариновкадағы қазақ мектебіне береміз.

СНХ: ДИНА АХМЕТЖАНОВА, ОБЛЫСТЫҚ ЖҰМЫСПЕН ҚАМТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ҮЙЛЕСТІРУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Келген қандастарға «Еңбек» бағдарламасы аясында 70 айлық есептік көрсеткіш көлемінде қаржы бөлінеді. Бұл отбасының әр адамына беріледі. Бұл шамамен 204 мың теңге. Бұған қоса бір жыл бойы ай сайын жалдамалы үй мен оның коммуналдық төлеміне 15-тен 30 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақша төленеді.

РКС: Ал, Көкшетауға қоныстанған отбасының бірі – Өзбекилер жанұясы. Қандас  ауған даласынан жеті  баласын ерте келіпті. Олар «Новопэк» кәсіпорынының жатақханасына қоныстанды. Тиісінше, үйдің отағасы мен отанасына осы жерден тұрақты жұмыс беріледі. Елуді еңсерген қандас атамекенге келуді талай жыл армандап, әкесінің өсиетін орындағанын айтады.

СНХ: ШЕРӘЛІ ӨЗБЕКИ, ЭТНИКАЛЫҚ ҚАЗАҚ: Әкелеріміз біз қазақпыз деп айтатын. Менің әкем 90-ға келіп өлді. Мен өлсем де сендер бір жол тауып Қазақстанға кетіңдер деп айтып кетті. Иран мен Ауғанстанда тұрмаңдар деуші еді.

РКС: Иә, ел егемендігін алған шақтан бері атамекенді аңсап келіп жатқан қандастар көші жиілей түсті. Мәселен, Тәуелсіздік жылдарынан бері Ақмола облысына келген қандастар саны 9 мыңға жуықтайды. Олардың қатарында тек Ауғанстаннан ғана емес, Моңғолия, Өзбекстан, Қырғызстан, Қытай елдерінен келген  қаракөздер бар.
АБЗАЛ АЗАМАТҰЛЫ, ДАРХАН МҮЖІБАЕВ, БЕРІК МАНАП, «КӨКШЕ-АҚПАРАТ»