ДИКТОР: Ақмола облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінде ерекше салтанатты шара өтті. Кәсіби қызметінде, спортта  көзге түскен мекеменің қызметкерлері басшылық тарапынан марапатталды.  

РКС: Ішкі істер министрінің бұйрығымен облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері кезекті әскери шендерін алды. ЕЦ-166/24 мекемесінің қызметкері Гүлбағыш Махамбетова әділет аға лейтенанты атанды. Гүлбағыш  ММА дүниежүзілік қауымдастығының Қырғызстанда өткен Азия чемпионатында аралас жекпе-жектен алтын медальді еншілеген еді. Чемпионға департамент басшылығы тарапынан құрмет көрсетілді.

СНХ: ГҮЛБАҒЫШ МАХАМБЕТОВА, ЕЦ-166/24  МЕКЕМЕСІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Қызметке 19 жасымда келдім. Қазіргі уақытта қылмыстық-атқару жүйесінде 3 жыл жұмыс істеймін. Қызметімнен бос уақытымда аралас жекпе-жекпен және қоян-қолтық ұрыспен айналысамын. Жұмысым мен спорттың бір-біріне еш кедіргісі жоқ. Басшылықтың осындай мүмкіндіктер беріп жатқаны үшін алғыс айтамын.  

РКС: Әділет капитаны шені Сандықтау ауданындағы пробация қызметі бөлімшесінің қызметкері Сергей Шаповаловқа берілді.

СНХ: СЕРГЕЙ ШАПОВАЛОВ, САНДЫҚТАУ АУДАНДЫҚ ПРОБАЦИЯ ҚЫЗМЕТІ БӨЛІМШЕСІНІҢ ИНСПЕКТОРЫ: Еңбек жолымды Атбасар ауданында тексеруші болып бастағам. Қылмыстық-атқару жүйесінде 15 жылдан астам жұмыс істеймін. Өзім тұратын Сандықтау ауданында ертемен өрт болып жатқанын көріп қалдым. Жұрт шырт ұйқыда жатқан еді. Ойлануға уақыт болған жоқ, бірден  барлығын оятып, өрттің таралуына жол бермеуге тырыстым. Үй мүлкін де сақтап қалдық.  

РКС: Ішкі істер министрінің бұйрығымен Сергей Шаповалов ерлік көрсеткені және өрт кезінде отбасын құтқарып қалғаны үшін  қылмыстық-атқару жүйесі департаменті басшылығы тарапынан Грамотамен марапатталды.

ҰМСЫНДЫҚ НАУРЫЗБАЕВА, АБЫЛАЙ БАЛТАБАЕВ, САБЫР ШЕРИЯЗДАНОВ, «КӨКШЕ АҚПАРАТ»