ДИКТОР: Еліміздің экологиялық проблемалары ауаның ластануымен тікелей байланысты болып отыр. Ластану индексі бойынша Қазақстан Республикасы әлемдік рейтингте 64-орында тұр. Соңғы жылдары атмосфералық ауаның жоғары ластануы Нұрсұлтан, Ақтөбе, Қарағанды, Балқаш және Теміртау қалаларында жиі байқалады. Ал Ақмола облысы бойынша Бурабай-Щучье курортты аймағы көш бастап тұр.

РКС: Жоспарға сәйкес 8 пунктте қоршаған ортаның жай-күйіне бақылау мен мониторинг жүргізіліп отырады. Оның екеуі Көкшетау қаласында, Атбасар, Степногорск және Ақсу кентінде бір-бірден орналасқан. Бурабай-Щучье курортты аймағында 3 бақылау пункті жұмыс істейді. Ай сайын жылжымалы зертхананың көмегімен Жақсы ауылына, Зеренді кентіне және Макинск қаласына шығу жүзеге асырылады.

СНХ: ГАЛИНА КАРАЛАШ, «ҚАЗГИДРОМЕТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КӘСІПОРНЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ МОНИТОРИНГ ТОБЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Маусым айындағы стационарлық бақылау желісінің деректері бойынша, қаланың атмосфералық ауасының ластануы біршама төмендеген. Ластаушы заттардың орташа айлық және ең жоғары бір реттік концентрациясы рұқсат етілген деңгейден аспады. Степногорск қаласы, Ақсу кенті, Атбасар қаласы және «Бурабай» кешенді  мониторинг станциясы  ластанудың төменгі деңгейін, ал Щучинск қаласы мен Бурабай кенті жоғары деңгейін көрсетті.

ИНФОГРАФИКА: Ластанудың өте жоғары деңгейіне елорда, Ақтөбе, Өскемен қалалары жатады. Қарағанды мен Ақтау қалалары да ластанудың жоғары деңгейінде. Мамандар сондай-ақ осы деңгейге Алматы, Шымкент, Атырау, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Павлодар, Екібастұз, Талдықорған, Қостанай, Қаратау, Шу, Рудный, Риддер, Бурабай-Щучье курортты аймағын, Петропавл қаласын жатқызып отыр. Ластанудың төмен деңгейіне Көкшетау, Атбасар, Степногорск, Қызылорда, Семей, Тараз, Жаңаөзен, Орал, Ақсу қалалары жатады.

ГРАФИКА: Қазақстандағы атмосфералық ауа сапасының деңгейі

1.Өте жоғары: Нұрсұлтан, Ақтөбе, Өскемен.

2. Жоғары: Қарағанды, Ақтау.

3. Көтеріңкі: Алматы, Шымкент, Атырау, Жезқазған, Балқаш, Теміртау, Павлодар, Екібастұз, Талдықорған, Қостанай, Қаратау, Шу, Рудный, Риддер, Щучинск-Бурабай курорттық аймағы, Петропавл.

4. Төмен: Көкшетау, Атбасар, Степногорск, Қызылорда, Семей, Тараз, Жаңаөзен, Орал, Ақсу.

СНХ: АЙҚЫН НҰРАХМЕТ, ОБЛЫСТЫҚ ЭКОЛОГИЯ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Жартыжылдықта облыс аумағында экологиялық тексеру және бақылау комитеті төрағасының хаттамалық тапсырмасына сәйкес ірі кәсіпорындардың санитарлық аумағында ластаушы заттардың мониторингтік-аспаптық өлшеулері жүргізіледі. Мұндай ірі кәсіпорындар «Altyntau Kokshetau», «Көкшетау-Жылу» МКК, «Степногорск Жылу» электр орталығы болып табылады. Біз бұл кәсіпорындардың санитарлық қорғау аумағын бақылап отырамыз. Осы уақытқа дейін негізгі ластаушы заттар бойынша нормативтен асу фактілері әлі тіркелген жоқ. Көкшетау қаласы Қазгидрометтің жалпы бюллетеніне сәйкес ластанудың төмен индексіне сәйкес келеді.

РСК: Облыс аумағындағы орталықтандырылған жылуға қосылмаған үйлер, автокөлік және кәсіпорындар ластанудың негізгі көздері болып табылады. Статистикалық деректер бойынша, Көкшетау қаласында 11 мыңға жуық жекеменшік үй бар. Оның 2 мың 500-і орталықтандырылған жылу жүйесіне қосылған, ал 8,5 мыңы пеш жағады.

МАДИНА ҚАДЫРБЕК, ӘЙГЕРІМ БЕГЕНОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, ФАРХАТ ЕСМАҒАМБЕТОВ,  КӨКШЕ АҚПАРАТ